Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен жұмыс кездесуі болды

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен жұмыс кездесуі болды

DST_8402.jpg
02.05.2018

Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысынының күн тәртібін, сондай-ақ интеграциялық бірлестікті одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков елдің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) интеграциясы Қырғызстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыт болды және солай болып қала береді, деп атап өтті. «Біз бұл бірлестікке зор маңыз беріп отырмыз және Одақтың елдерімен өнімді әрі игілікті ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейміз»,- деп атап өтті мемлекет басшысы.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Қырғыз Республикасы Президентінің Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі белсенді позициясы интеграциялық жобаны ілгерілетуге және тереңдетуге жәрдемдесуде, деп мәлімдеді.