Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

7bb56cb75aea01404c343cb47969b0551.jpg
02.05.2018
 
2 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық туралы хабардар етті.

«Кеңестің тапсыруы бойынша Сізбен Жоғары кеңестің отырысын неғұрлым тиімді өткізуге, айрықша қарауды талап ететін мәселелерді айқындауға, интеграцияны тереңдетуге қатысты проблемаларды қарауға байланысты жұмыстардың егжей-тегжейін талқылағым келеді»,- деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Тараптар Еуразиялық интеграцияны одан әрі тереңдетуге қатысты мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қызметінің жоғары нәтижелерін, сондай-ақ басқа елдердің Одаққа назар аударуы өсіп отырғанын атап өтті. «Өткен 2017 жыл сәтті болды. Біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 27% өсті. Біздің бірлестігімізге деген зор қызығушылықты байқап отырмыз, қазір бізбен 40-тан астам ел ынтымақтастықта. Біз күн тәртібінің барлық мәселелері келісілген ЖЕЭК саммиті қарсаңында кездесіп отырмыз. Алдағы уақытта біз талқылағалы отырған мәселелер, соның ішінде санкциялар жай мәселелер емес»,- деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.

Тигран Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады және республикаға өркендеу тіледі. ЕЭК Алқасының Төрағасы мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның ағымдағы қызметі туралы да ақпарат берді.