Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім Одақ елдері экономикасының әлемдік орташа қарқыннан жоғары өсуіне ықпал ететін болады

ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім Одақ елдері экономикасының әлемдік орташа қарқыннан жоғары өсуіне ықпал ететін болады

02.06.2017

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер барысында мәлімдеді. Тигран Саркисян Одақтың барлық бес мемлекетінің басшылары Үндістанмен сауда қатынастарын нығайтуға және экономикалық өзара іс-қимылдың әртүрлі нысандарын дамытуға табанды ниет білдіргендерін атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Үндістан арасында Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісімге қол қою маңызды қадам болуы тиіс. Кездесуге ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина қатысты.

«Үндістан бірнеше жыл қатарынан технологиялық және өнеркәсіптік әлеуетін тұрақты нығайтуын, экономикалық дамудың орнықты жоғары қарқынын көрсетіп келеді, – деп атап өтті Тигран Саркисян. – ЕАЭО мемлекеттері алдында да экономиканың өсуі үшін резервтер табу міндеті тұр. Үндістанмен әріптестік біздің интеграциялық құрылымымыздың маңызды басымдығына айналуы мүмкін». Атап айтқанда, ЕСА туралы келісім жасасқан жағдайда Одақ елдерінің тауар айналымының жалпы сомалық өсімі өте қысқа мерзімдік перспективада 20%-ды құрауы мүмкін. Комиссия сарапшылары Одақ елдерінен Үндістанға тауарлардың кең спекторы– ауыл шаруашылығынан бастап күрделі машина жасау өнімдеріне дейін, мұнай-химия, көлік құралдары және басқа да бірқатар өнімдер экспортының өсуін есептеп отыр.

Үндістанның Премьер-министрі бүгінде сауда мен экономика халықаралық қарым-қатынастарда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты Үндістанның ЕАЭО мемлекеттері секілді дәстүрлі әріптестермен экономикалық байланыстарды тереңдетуі тауар айналымының өсуіне ғана емес, сонымен бірге біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ өңірдегі тұрақтылыққа ықпал ететін болады.

Келіссөздер барысында тараптар ЕСА форматында ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерге талдау жүргізген сарапшылар өзара саудада сапалы жаңа деңгейге көшу үшін резервтер табуы тиіс екенін атап өтті.

Нарендра Моди Үндістан ЕСА туралы келісімді дайындау кезінде кез келген қажетті көмек көрсетуге дайын екенін растады. Үндістандық тараптың пікірі бойынша, дәл қазір «жол картасын» қалыптастыру және экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимыл үшін өсу драйверлерін анықтау мүмкіндігі туады.

Қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқан бірлескен сарапшылар тобы келіссөздерді одан әрі жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен барлық қажетті өкілеттіктерді алады. Комиссия тарапынан жұмысты ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина үйлестіретін болады. Үндістан тарапынан – Өнеркәсіп және сауда мемлекеттік министрі Нирмала Ситхараман.