Жүйеге кіру
ЕЭК, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады

02.10.2017

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен, медициналық қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу мемлекетінде білім туралы құжаттарды тану, Одақтың азаматтары үшін қандай да бір шектеусіз мүше елдердің азаматтық әуе кемесінің жазғы экипажы құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселелер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің еңбек заңнамасын дамыту мәселелері Еуразиялық экономикалық одақтың Алқасына қарасты мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің үшінші отырысында талқыланды.

Одақтың елдерінен Консультативтік комитет мүшелері, мүше мемлекеттердің шақырылған сарапшылары, Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қор қауымдастығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысқан іс-шара Мәскеу қаласында ЕЭК Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен өтті.

Отырыстың барысында Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шарттың жобасын әзірлеумен байланысты мәселелер блогы қарастырылды. Оның күшіне енуі азаматтардың ЕАЭО елдерінде жұмыс істеу барысында жинақтаған зейнеткерлік құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығын қамтамасыз етеді.

Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері Шарттың негізгі баптары бойынша өзара қолайлы шешімдерді жасап шығарды, соған байланысты халықаралық шарт жобасының негізгі ережелерін және мүше-мемлекеттерді еңбек етушілері ие болатын артықшылықтарды түсіндіру мақсатымен ЕАЭО елдерінде бірнеше көшпелі іс-шараларды өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Бұл өте жіті, әлеуметтік маңызы бар мәселе, ол жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен кеңінен талқылануда. Одақтың елдеріндегі үкіметтік деңгейдегі осындай пікірталастар бірқатар мәселелі аспектілердің жойылуына ықпал етеді. Алдағыда Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты қабылдаудың арқасында, біздің елдеріміздің еңбек етушілері үшін тең жағдайлар жасалатын бірыңғай еңбек нарығына қарай бірте-бірте қозғалуымызға мүмкіндік беріледі», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Зейнетақы саласындағы шартты қабылдаудың арқасында, еуразиялық интеграциялық бірлестіктің негізін қалаушы бостандықтарының бірі - ЕАЭО кез келген елінде жұмыс істеп, зейнетақы құқығын алу мүмкіндігін толық көлемде іске асыруға мүмкіншілік беріледі. Құжат 2018 жылы қабылданбақ.

Сонымен қатар, Консультативтік комитеттің отырысында шарттың жобасын іске асырудың механизмдері қарастырылды. Қазіргі кезде зейнетақымен қамтамасыз ету саласында уәкілетті, құзыретті органдар және Еуразиялық экономикалық комиссияның арасында Өзара іс-қимыл жасау тәртібінің жобасы, сондай-ақ процестің қатысушыларының ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын регламенттейтін технологиялық құжаттар әзірленуде.

Талқылау қорытындысы бойынша, тәртіп жобасымен жұмысты жандандыру және ЕАЭО аясындағы жалпы процестер тізбесіне екі жаңа процесс қосу туралы шешім қабылданды. Бұл Одақтың еңбек етуші елдерін зейнетақымен қамтамасыз ету саласында мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды іске асыру үшін технологиялық құжаттарды әзірлеуге кірісуге мүмкіндік береді.

Отырыстарда Одақ мемлекеттерінің еңбек етушілеріне және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында, сондай-ақ ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес мүше мемлекеттердің еңбек етіп жатқан азаматтарының отбасы мүшелеріне Ресей Федерациясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ұсыну мәселелері қарастырылды.

ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры және комитеттің жауапты хатшысы Паиза Суюмбаева айтып өткендей, Одақ туралы шартта ЕАЭО мемлекеттерінің еңбек етушілері мен олардың отбасы мүшелерінежұмысқа орналасу елінің азаматтарына ұсынылатын негіздердеміндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету көзделген. Қазақстанда азаматтардың бұл санаттары үшін осындай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қамтамасыз етіледі. Ресейде заңды түрде еңбек етіп жатқан мүше мемлекеттердің азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ММС аясында медициналық көмек алу құқығына ие болды. Қазіргі таңда ЕЭК Ресейде тұрып жатқан ЕАЭО елдерінің еңбек етуші-мигранттарының отбасы мүшелеріне медициналық сақтандыруды ұсыну мүмкіндігі туралы ресейлік тарапқа кеңес беруде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы Ботагөз Жақселекова Консультативтік комитет мүшелерін Қазақстанда өткізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен байланысты денсаулық сақтау саласындағы реформа туралы хабардар етті. Денсаулық сақтау саласында қазақстандық заңнамаға жуырда енгізілген өзгертулер Одақ мемлекеттерінің еңбек етушілерінің және олардың отбасы мүшелерінің республикадағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін шараларды қарастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ЕЭК мүше елдердің азаматтық әуе кемесінің жазғы экипажының құрамында мүше мемлекеттердің азаматтарының жұмыс істеуіне қойылатын шектеуді кедергі деп таныды. «ЕАЭО туралы шартта, тараптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы шектеулерді қоспағанда, ұлттық нарықта шектеулер қоймайтыны жазылған. Мәселе былай болып тұр: әуе қозғалысының қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жата ма? – деп санайды ЕЭК министрі Тимур Жақсылыков. – Нарық, біз тосқауылдарды толығымен алып тастауға уағдаласқан сегмент болып табылады деп ұйғарсақ, онда заңнаманы сай келтіріп, нарыққа кіру рұқсатымен байланысты шектеулерді алып тастауға керек болады». Оның айтуынша, ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған ұлттық белгі бойынша шектеулерді алып тастаған маңызды. Алайда осы саладағы білім беру стандарттарын үйлестірумен және бірегейлендірумен, біліктілікке байланысты мәселелер қалуда.

Отырыстың күн тәртібінде болған басқа мәселе, - жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасымен белгіленген білім беру туралы құжаттарды тану ресімдерінен өтусіз, Одақтың басқа елінде педагогикалық, заң, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға талаптанатын азаматтарға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары - білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар берген білім беру туралы құжаттарды тану, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды тану. Отырысқа қатысушылар атап өткендей, ЕАЭО туралы шартта көзделген осы салалардағы алулар, Одақ елдерінің азаматтары болып табылатын мамандардың әлеуетін толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермей, олар үшін осы кәсіптердің бірыңғай еңбек нарығындағы тартымдылығын төмендетеді.

Беларусь Республиксының жоғары мектебінің Республикалық институтының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Игорь Титович ЕЭК сайтында ақпараттық ресурсты құру туралы мәселені ққарастыруды ұсынды, ол жерде педагогикалық, заңи, медициналық немесе фармацевтикалық салаларда білім беру жайлы берілген құжаттар туралы ақпарат ұсынылатын болады. Жұмыс берушілер осы жүйенің көмегімен мүше мемлекеттерде берілген құжаттардың түпнұсқалылығын растай алар еді.

Отырыстың қатысушылары ЕЭК және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның жобасын мақұлдады. ХЗӘҚҚ - негізінен ТМД және ЕАЭО елдерінің зейнетақы қорлар мен әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін өңірлік үкіметтік емес ұйым. ЕЭК, ХЗӘҚҚ-мен ынтымақтастықты ЕАЭО еңбек ресурстарының бірыңғай нарығының одан әрі дамуына ықпал ететін әлеуметтік ортадағы өзара іс-қимыл жасаудың келешегі зор бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің еңбек заңнамасының Негіздерін (модельдік Еңбек кодексі) әзірлеу қағидаттары да Консультативтік комитет мүшелерімен мақұлданды. Құжат Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясымен Одақ елдерінің конституцияларын, еңбек кодекстері мен ЕАЭО еңбек етуші-азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы еңбек және кепілдіктер саласын реттейтін халықаралық актілерді талдау негізінде дайындалды.

Еңбек заңнамасының Негіздерін әзірлеу бойынша, осы құжатты дайындау жөніндегі ұсыныстарды жасап шығаратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 36 шешіміне сәйкес құрылған.

Комитет мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі саласындағы келісілген саясатты өткізу мәселелері бойынша ЕЭК консультативтік органы болып табылады. Осындай саясаттың мақсаты - мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің Одақтағы еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін тең шарттарды қалыптастыру, осы салада уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау мәселелері бойынша Комиссия үшін ұсынымдар дайындау.