Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО жұмыскерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы халықаралық Шарттың жобасын мақұлдады

ЕЭК Алқасы ЕАЭО жұмыскерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы халықаралық Шарттың жобасын мақұлдады

20.01.2016
19 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының кезекті отырысында экономика
және қаржы саясаты, техникалық реттеу, кедендік ынтымақтастық, монополияға қарсы реттеу
салаларындағы мәселелер қаралды.
 
ЕЭК Алқасының мүшелері Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің
жұмыскерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Шарттың жобасын мақұлдады. Шарт
Одақта жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз ету мақсатымен әзірленді.
Шарттың әрекеті мүше мемлекеттердегі ұлттық заңнамалармен көзделген зейнетақыларға қолданылады деп топшыланады. Зейнетақының жинақтаушы бөлігін экспорттау
толық көлемде жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақының базалық бөлігін тұрғылықты
мемлекеті төлеп отыратын болады.
 
Құжаттың жобасы зейнетақының тағайындалуын және келесі тәртіппен төленуін көздеп отыр:
·Шарт күшіне енгенше жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы 1992 жылғы 13 наурыздағы
ТМД қатысушы мемлекеттері азаматтарының құқықтық кепілдіктері туралы келісімге сәйкес мүше
мемлекеттердің заңнамаларына және халықаралық шарттарға сай тағайындалады және төленіп отырады;
 
Шарт күшіне енген соң жинақталған еңбек өтілі үшін, сол тиісті еңбек өтілі жинақталған ЕАЭО мүше мемлекеті тағайындайды және төлеп отырады. Бұл ретте, Ресейде зейнетақыға құқықты  белгілеген кезде, ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында жинақталған еңбек өтілі үшін жеке  зейнетақылық коэффициент қолданатыны көзделеді.
 
Одақтың басқа мүше мемлекеттерінде жұмыс істеген кездегі зейнетақымен қамсыздандырмау
мәселесінің реттелмегені ЕЭАО қатысушы елдерінің аумақтарында жұмыс күшінің еркін қозғалыста  болуы үшін елеулі тосқауылдардың бірі болып отыр.
 
Шарт зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықтарды қамтамасыз етуге бағытталған. Одақтағы елдердің азаматтары ЕАЭО  бір елінің азаматтығында болып, ал Одақтың басқа елінде еңбек өтілі болған жайғдайда - мемлекеттік  зейнетақы төленуіне кепілдік алады. Құжат Одақтағы елдердің арасында зейнетақымен қамсыздандыру  саласындағы ынтымақтастықтың дамуын да көздеп отыр. Осылайша, халықаралық шарт күшіне енген  соң ЕАЭО кез келген елінде сол Одақтың басқа елінде алған еңбек өтілі мен жұмысқа орналасқанда  зейнетақысын жоғалтпастан жұмыс атқара беруге болады.
 
Одақтың шеңберінде жұмыс күшінің еркін қозғалуы жолындағы тосқауылдарды жою ЕАЭО
мемлекеттеріндегі азаматтарға анағұрлым мобильді болуына, Одақтың еліндегі анағұрлым көбірек  төленетін жұмысты таңдауға және әлеуметтік жеңілдіктер молынан ұсынылатын елді таңдауларына  мүмкіншілік беретін болады. Шарттың жобасы 2015 жылы ЕЭК жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитеттің және ЕАЭО мүше мемлекеттердің жұмыскерлерін әлеуметтік қамсыздандыру,  зейнетақы құқықтарының қорғалуы, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметтерінің мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысында сарапшылар деңгейінде қаралған.  Бұған қоса, өткен жылы ЕАЭО елдеріндегі уәкілетті органдары сарапшыларының осы мәселеге қатысты 6 раундтан тұратын мәжілістері өткізілді. Әлеуметтік блокқа жетекшілік ететін Одақ  елдерінің вице-премьерлерімен консультациялар өткізілді. Құжат жобасының мәтіні 2015 жылдың  18 қарашасында Ереванда Одақ елдерінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті  министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткізілген мәжілісте келісілген.
 
Оның үстіне, ЕЭК Алқасы ақпан айында Еуразиялық экономикалық одағы елдері үшін ортақ
болатын Өлшемдер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау Тәртібінің бекітілуін көздейтін
ЕЭК Кеңесінің шешімі жобасын мақұлдады.
 
Өлшемдер әдістемелерін (әдістерін) қолдану одақтас елдерінің өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы заңнамаларымен реттеліп отырады. Реттелетін салаларда тек аттестатталған әдістемелер (әдістер) қолданылады. Олардың қолданылуы Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына  өнімдердің сәйкес келуін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде өлшемдердің нәтижелері  теңдесуі үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз етеді. Өлшемдердің әдістемелерін (әдісін) аттестаттау метрологиялық аттестатталғаны туралы куәлікпен куәландырылады.
 
Тәртіптің бекітілуі және Әдістеменің метрологиялық аттестатталғаны туралы куәліктің бірыңғай
нысанын енгізу Одақтағы барлық мемлекеттермен өлшемдер әдістемелерін (әдістерін) өзара тануға  жағдай жасалуын қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
 
Тәртіп аттестаттау кезінде теоретикалық және эксперименталдық зерттеулер жасалуын және
өлшемдер әдістемелерін (әдістерін) сол әдістемені әзірлеуге берілген техникалық тапсырмада
көрсетілген өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкес келуін растауды көздейді.
Аттестатталған әдістеме туралы мәліметтер ЕАЭО елінде белгіленген тәртіппен өлшемдердің бірлігін  қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық қорға тапсырылады.
 
Анықтама:
 
Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Шарттың жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық  экономикалық одақ туралы Шарттың 98-бабындағы 3-тармаққа сәйкес одаққа мүше  мемлекеттердің жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыруды

 реттеу мақсатында әзірленіп отыр. Шарттың жобасын әзірлегенде Одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияның  2014 жылғы 12 қарашадағы №103 Шешімімен мақұлданған зейнетақымен қамсыздандыру  саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттың Тұжырымдамасын басшылыққа  алады.