Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

20.03.2013

19 наурыз күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика, сауда-саттық, техникалық реттеу экономика және қаржы саясаты салаларындағы мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, Алқа Кеден одағының «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестілігінің бағаланғаны (расталғаны) туралы құжатты ұсынумен жүргізілетін кеден декларациясының табыс етілуіне қатысты өнімдердің тізбесін бекіту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Кеден одағы Комиссиясының шешімдерін (актілерін), және олардың жекелеген ережелерін немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау туралы шаруашылық субъектілерінің арыздарын қарау тәртібі туралы шешім қабылданды.