Жүйеге кіру
Алматыда ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрінің Қазақстанның БАҚ Жетекші өкілдерімен кездесуі

Алматыда ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрінің Қазақстанның БАҚ Жетекші өкілдерімен кездесуі

20.03.2014

Әлемде болып жатқан ықпалдастық үрдістері кез-келген мемлекетті ішкі нарықты қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, тауарларды жаңа нарықтарға жылжыту және олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша рұқсат етілген шараларды қабылдауға түрткілейді.

Елдер, соның ішінде Қазақстан осы міндеттерді Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары деңгейінде 2013 жылдың 24 қазанында қабылданған, «Бәсекелестік туралы» Модельдік заң нормаларын қолдану арқылы шеше алады.

20 наурыз күні Алматы қаласында өткен кездесу барысында Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов Модельдік заң нормаларын қолданудың Қазақстан үшін басымдылықтары туралы және Қазақстанның заңнамасына отандық бизнесті қолдауға, ішкі нарықты қорғауға, бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге және бағаларды төмендетуге бағытталған нормаларды имплементациялау қажеттілігі туралы өз пікірімен республикалық мерзімдік басылымдардың тілшілерімен бөлісті.

Модельдік заңның мақсаты Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағындағы экономикалық қатынастардың құқықтық реттелуін жақындату болып табылады.

«Бәсекелестік туралы» модельдік заң монополияға қарсы органның сақтандырулар, ескертулер шығарғаны туралы нормаларды, сонымен қатар бизнеске әкімшілік жүктеуді азайту, оны қолдау және Бәсекеге қарсы бұзушылықтардың профилактикасын жүргізу мақсатында, монополияға қарсы заңнаманы бұзатын лауазымдық тұлғаларды шеттету туралы нормаларды құрайды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссиялық және ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанның мемлекеттік сатып алуларына қатысады, ал қазақстандық кәсіпкерлер – Ресей мен Беларустың мемлекеттік сатып алуларына қатысады. Осыған орай, бюджеттік қаражаттарды үнемдеу және мемлекеттік сатып алулар рәсіміндегі жеткізушілердің әділетті бәсекелестігі жөніндегі мәселелер ерекше өзектілікке ие болады.

Модельдік заңда сауда-саттықтарға, тауарға баға котировкаларын сұратуға монополияға қарсы талаптар қарастырылған. Аталған норманы Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» заңына имплементациялаудан Қазақстан бюджетінің қаражаттары шамамен 80 млрд. теңгеге үнемделеді.

Электр энергиясы нарығындағы бағалармен айла-шарғы жасауға тыйым салу сияқты, Модельдік заң нормасы да Қазақстан нарығының қорғанысын күшейтеді. Энергия көздері арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз ету және электр энергиясы нарығында бәсекелестік негізде баға белгілеу халық үшін электр энергиясының тарифтерін Ақмола облысында 2 %-ға, Батыс Қазақстан облысында 3 %-ға дейін және Атырау облысында 4 %-ға төмендету мүмкіндігін береді (2013 жылғы мәліметтер бойынша), бұл жылына шамамен 1 млрд. теңгені үнемдеу мүмкіндігін береді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теміржол және әуе тасымалдары, ұялы байланыс, электроэнергетиканың трансшекаралық нарықтары бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері қозғалған.

Нұрлан Алдабергенов параллельді импорт, әуе және теміржол тасымалдарының тарифтері, роуминг мәселелеріне аса толық тоқталып өтті. Осы мәселелерді шешу тұтынушылар үшін көрсетілетін қызмет бағаларын біршама азайту мүмкіндігін береді. Мысалы, ұялы байланыс нарығы бойынша үй желісі және роумингтегі қоңырауларға тарифтердің айырмашылығы Қазақстанда 21 есеге дейін жетеді.

Кездесуге қатысушылар Беларусь, Қазақстан және Ресейдің трансшекаралық нарықтарындағы Бәсекеге қарсы бұзушылықтардың алдын алу бойынша КО және БЭК монополияға қарсы органдарымен ЕЭК өзара әрекеттесу мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты. Бәсекеге қарсы бұзушылықтардың алдын алу тиімді болу үшін  бәсекелестік ережелерінің бұзылғаны туралы арыздарды (материалдарды) қарау кезінде, бәсекелестік ережелерінің бұзушылығына тергеу жүргізу, бәсекелестік ережелерінің бұзушылығы туралы істерді қарау және Қазақстан, Ресей мен Беларустың ұлттық монополияға қарсы органдарымен бәсекелестік ережелерін қадағалаудың қамтамасыз етілуін бақылау кезінде өзара әрекеттесу рәсімдері қарастырылған.

2013 жылдың 19 желтоқсанында Минск қаласында өткен, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын халыққа белсенді түсіндіру қажеттілігін Қазақстан Республикасының Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Осыған орай, Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов тілшілерді Тараз, Орал, Калининград, Уфа, Хабаровск, Витебск қалаларында өтетін Біртұтас экономикалық кеңістіктің монополияға қарсы реттеу саласында жүргізілетін жұмысты түсіндіру бойынша халықаралық «дөңгелек үстелдерге» қатысуға шақырды, сонымен бірге бәсекелестікті дамыту, қоғам пікірін қалыптастыру және Қазақстан тұтынушыларының хабардарлығын жоғарылатудағы БАҚ-дың маңызды рөлін атап өтті. 

Анықтамалық ақпарат:

Модельдік заң – бәсекелестік саясаты саласындағы экономикалық қатынастардың құқықтық реттелуін жақындату мақсатындағы ұсыным сипатындағы нормативтік акт.

2012 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Бірыңғай бәсекелестік принциптері мен ережелері туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жүзеге асыру.

1. Бәсекелестік саласындағы Тараптардың қажетті бірыңғай нормативтік базасын құру (Келісімнің 1 және 29 баптары (барлық қажетті акттар қабылданған)

Келісімнің 1 бабының 3 тармағына сәйкес Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 19.12.2012 жылғы № 29 шешімімен нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлері бекітілген.

Келісімнің 29 бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мынаны бекітті:

- Мемлекеттік баға реттеуді жүргізу фактілері бойынша Тараптардың өтініштерін беру және қарау тәртібі (Комиссия алқасының 06.11.2012 жылғы № 210 шешімі);

- ЕЭК және Тараптардың уәкілетті органдарының өзара әрекеттесу, соның ішінде ақпараттық өзара әрекеттесу тәртібі (Комиссия Алқасының 23.11.2012 жылғы № 96 шешімі);

- Бәсекелестік ережелерінің бұзушылығы туралы арыздарды (материалдарды) қарау тәртібі (Комиссия Алқасының  23.11.2012 жылғы № 97 шешімі);

- Бәсекелестік ережелерінің бұзушылықтарына тергеу жүргізу тәртібі (Комиссия Алқасының 23.11.2012 жылғы № 98 шешімі);

- Бәсекелестік ережелерінің бұзушылықтары туралы істерді қарастыру тәртібі (Комиссия Алқасының 23.11.2012 жылғы № 99 шешімі);

- Монополиялық жоғары (төмен) бағаларды анықтау әдістемесі (Комиссия Алқасының 17.12.2012 жылғы № 117 шешім);

- Келісімде қарастырылған айыппұлдарды есептеу әдістемесі және тағайындау тәртібі (Комиссия Алқасының 17.12.2012 жылғы № 118 шешімі);

- Бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесі (Комиссия Алқасының 2013 жылдың  30 қаңтарындағы №7 шешімі).

2. Бәсекелестік туралы модельдік заңды әзірлеу және қабылдау (Келісімнің 30 бабының 2 тармағы) - (Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 24.10.2014 жылғы № 50 шешімімен қабылданған);

3. Тараптардың бәсекелестік саясаты саласындағы ұлттық заңнаманы Келісім нормаларына сәйкес келтіруі (Келісімнің 28 бабы – орындалу фактісі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 24.12.2013 жылғы № 58 шешімімен бекітілген);

4. Комиссияға шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірыңғай бәсекелестік ережелерін қадағалауын бақылау бойынша өкілеттіктерін табыстау (Келісімнің 28 бабы – Мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылдың 24  қазанындағы № 58 шешімімен орындалған).