Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі мүшелерінің жұмыс кеңесі

ЕЭК Кеңесі мүшелерінің жұмыс кеңесі

20.04.2020

20 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелерінің Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының кейбір мәселелерін келісу жөніндегі бейнеконференция форматындағы жұмыс кеңесі болып өтті.

 

Сындарлы диалог нәтижесінде төрт мәселенің үшеуі бойынша ілгерілеуге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бұлар көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, Одақ елдерінің экономикалық дамуына нысаналы жәрдемдесудің икемді механизмдерін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандырудың орындылығын пысықтауға қатысты.

 

ЕАЭО-ның ортақ газ нарығында газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тариф белгілеу мәселесі әзірге шешілмей қалып отыр. Оны 22 сәуірде ЕЭК Кеңесі мүшелерінің жұмыс кеңесінде қосымша талқылау, содан кейін 23 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бейнеконференция форматында өтетін кезектен тыс отырысына шығару жоспарланып отыр.​