Жүйеге кіру
17 мамырда Мәскеуде еуропалық бизнес қауымдастықтарды ұсынатын компаниялардың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Т. Сүлейменовтің брифингі болып өтті

17 мамырда Мәскеуде еуропалық бизнес қауымдастықтарды ұсынатын компаниялардың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Т. Сүлейменовтің брифингі болып өтті

20.05.2013

17 мамырда Мәскеу қаласында еуропалық бизнес қауымдастықтардың атынан көзге түскен компаниялармен ЕЭК-ның өзара әрекеттестігін жақсартуға бағытталған Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Т. Сүлейменовтің брифингі болып өтті. Іс-шараны Еуропалық бизнес Қауымдастығы (ЕБА) ұйымдастырған болатын.

Кездесуді ЕБА басқармасының Төрағасы Райнер Хартманн ашты. Зияткерлік меншік бойынша ЕБА Комитетінің Төрағасы, Бейкер МакКензи компаниясының әріптесі Евгений Ариевич пен Көлік және кеден бойынша ЕБА Комитеті Төрағасының орынбасары, ДЛА компаниясының директоры Пайпер Вильгельмина Шавшина брифингтің Модераторлары болды.

ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Министрі Т. Сүлейменов өзінің сөзінде Кеден одағына мүше елдердің бизнес қауымдастықтармен, сондай-ақ ЕЭК құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша халықаралық бизнес өкілдерімен өзара әрекеттестік Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) Бірыңғай ұлттықтан жоғары органы болып саналатын Комиссия үшін басымдық болып табылатындығын баса айтты.

Тимур Сүлейменов еуропалық бизнес өкілдеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында ЕЭК-ның ағымдағы жұмыстары мен жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Министр атап өткендей, БЭК кеңістігінде шикізаттық экономикадан инновациялық, бәсекеге қабілеттілікке өту үшін ағымдағы жылы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтаудың заманауи және тиімді жүйелерін құру қажет.

ЕЭК Өкілі Кеден одағының зияткерлік меншік нысандарының Бірыңғай кедендік тізілімін құру және әкімшілендіру бойынша жағдайға түсінік берді. Т. Сүлейменов ЕЭК Алқасының 14 мамырдағы отырысында «2010 жылдың 21 мамырындағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік нысандарының Бірыңғай кедендік тізілімі туралы Хаттаманың» жобасы мақұлданғанын атап өтті. Хаттаманың жобасында ЕЭК-ға Бірыңғай кедендік тізілімдерді енгізу бойынша өкілеттіктер беру, КО мүше мемлекеттердің орталық кедендік органдарымен Комиссияның өзара әрекеттестігі тәртібін белгілеу, Бірыңғай кедендік тізілімдерді жүргізу Регламентін бекіту, сонымен қатар мүліктік зияндарды өтеп беру туралы міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін келісім-шарттардың түрлерін көбейту қаралады. Министр Бірыңғай кедендік тізілімді жүргізу бойынша функция ЕЭК-ға осы жылдың ағымында берілетін болатындығын атап өтті.

Пікірталас барысында ЕЭК Өкілі Т. Сүлейменов ЕБА мүше компаниялардың басшыларының сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, еуропалық бизнес қауымдастықтардың өкілдері ЕЭК «кеңестік» тауарлық белгілерге қатысты мәселелерді қалай шешетіндігі туралы сұраққа қызығушылық танытты. ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Министрі Т. Сүлейменов бұл мәселенің күрделілігінің жоғары деңгейін ескертті және бірінші кезекте, проблеманың ауқымын бағалау және әрбір саланың өзгешелігін талдау керектігін мәлімдеді. Бұл ретте Т. Сүлейменов ЕБА өкілдерін ЕЭК жанындағы сәйкес келетін комитеттердің жұмысына, атап айтқанда Зияткерлік меншік бойынша комитеттің жұмысына сарапшылар ретінде қосылуға шақырды. ЕЭК Өкілі Еуропа елдерінің экономикалық интеграциясы барысындағы Еуропалық қауымдастықтың сауда белгілері саласында Бірыңғай тепе-теңдік ұстанған саясатын жасау бойынша Еуропалық одақтың тәжірибесі Комиссия үшін өте қажетті екендігін атап өтті. Мүмкін еуропалық үлгіні КО қажеттілігіне қарай бейімдеуге болатын шығар. Сонымен қатар ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Министрі Т. Сүлейменов «кеңестік» тауарлық белгілердің проблемаларын шешу кезінде КО-ның Бірыңғай кедендік аумақтарының қағидаттарын бұзбау маңызды екендігін атап өтті. Бұдан бөлек, ЕЭК тауарлық белгіге құқықты жоққа шығарудың аймақтық қағидаттарын бекітетін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеудің Бірыңғай қағидаттары туралы Келісімді ұстанады.

Пікірталас барысында еуропалық бизнес қауымдастықтардың өкілдері Кеден одағына мүше елдердің аумақтарында параллель импорттарды енгізу мүмкіндіктерімен байланысты өздерінің қам көңілін білдірді. ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Министрі Т. Сүлейменовтің айтуына қарағанда Комиссия параллель импорттарды ырықтандыру бойынша шешімді қабылдағанға дейін Кеден одағы үшін ұқсас бастамалардан бастап, болуы мүмкін барлық экономикалық салдарларды зерделеу керек деп жорамалдайды.