Жүйеге кіру
ЖЕЭК Одақтың және үшінші елдердің тауарларына қатысты ҚҚС алу кезінде тең жағдайлар жасалуын мақұлдады

ЖЕЭК Одақтың және үшінші елдердің тауарларына қатысты ҚҚС алу кезінде тең жағдайлар жасалуын мақұлдады

20.05.2020

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының еркін экономикалық аймақтарына (ЕЭА) әкелінген Одақтың және үшінші елдердің тауарларына қатысты ҚҚС алу кезінде тең жағдайлар белгілеуді көздейтін өзгерістер енгізуді мақұлдады.

 

Енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін ЕЭА резидентіне жалпыға бірдей белгіленген ҚҚС салудың орнына ҚҚС төлеу мерзімін күнтізбелік 180 күнге ұзарта тұру ұсынылатын болады. Бұл ретте осындай тауар күнтізбелік 180 күн ішінде өткізілген жағдайда ҚҚС тіпті төленбейтін болады.

 

ЕАЭО туралы шартқа мұндай өзгерістерді енгізу Ресей Федерациясының еркін экономикалық аймақтары мен Одақтың басқа елдері арасындағы сауда айналымын арттыруды мақсат тұтады.

 

Ресей Федерациясының неғұрлым тиімді баға санаты бойынша тауарлар тізбесін кеңейтуге мүдделі ЕЭА резидентінде, практика көрсетіп отырғанындай, ұқсас шетелдік тауарлармен салыстырғанда Одақтың құны төменірек тауарларын импорттау мүмкіндігі пайда болады.

 

Одақ елдерінің экспорттаушыларында нөлдік ставканы қолдану және Ресей ЕЭА аумағына тауарларды экспорттау кезінде бұрын төленген ҚҚС өтеуді жеделдету мүмкіндігі пайда болады.​