Жүйеге кіру
ЕЭК тауарлар айналымын мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимылын жақсартуды ұсынады

ЕЭК тауарлар айналымын мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимылын жақсартуды ұсынады

20.06.2018

Кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу және ішкі нарықтың жұмыс істеуі жөніндегі мәселелер 19 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері бойынша мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыным қабылданды, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып анықтау тәртібі бекітілді.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін сақтау бойынша іс-шараларды өткізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін қабылдады. Мүше мемлекеттерге осы құжатты жарияланған күннен бастап басшылыққа алу ұсынылған.

ЕАЭО-ның қандай да бір техникалық регламентінің бұзылғанын анықтаған Одақтың қандай да бір елінің бақылау органы, Одақтың басқа елдерінің мемлекеттік бақылау органдарына және Комиссияға жеті күндік мерзімнің ішінде бұзушылық туралы және шектеу шараларын қолдану туралы хабарламаны жібергені жөн. Хабарламада: техникалық регламенттің нормаларына сай келмейтін тауарды анықтаған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының атауы; анықталған күні; осындай өнімдер анықталған заңды тұлғаның атауы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты; басқа да бірқатар мәлімет қамтылатын болады.

Ақпаратты алған уәкілетті органдар, хабарламада көрсетілген қауіпсіз емес тауарлардың өз елдеріндегі айналымының ықтимал жағдайларын тексереді. Олар хабарламаны жіберген мемлекеттік бақылау органына тексеру нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы хабарлайды.

ЕЭК-ға ұсыным дайындау кезінде, тараптардың өкілдері мемлекеттік бақылау саласында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға, сонымен қатар оның нәтижелеріне өзара сенім білдіруді қамтамасыз етуге және қауіпті өнімдерді Одақтың бірыңғай одағына кіргізбеуге дайын екендігін жеткізді.

Құжат, мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы заңнамаларын үйлестіру үшін ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау (қадағалау) қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісімнің жекелеген ережелерін іске асыруға көмектеседі. Ұсыным, келісімнің күшіне енуінен кейін ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілуі жоспарланып жатқан, қолданылуы міндетті Мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеудің негізі болады.

ЕЭК Алқасы, Одақтың жаңа Кеден кодексі (ЕАЭО КК) түрінде қайта жасалған, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып анықтау тәртібін бекітті.

Сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар, кедендік декларациялау сәтінде тауарлардың кедендік құнының көлемі объективті себептерге байланысты белгісіз болған жағдайда, тауарлардың нақты кедендік құнын анықтау мерзімін 15 айға дейін ұзарту мүмкіндігін пайдалана алады.

Осылайша, ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері, кедендік декларациялау сәтінде зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға төленетін лицензиялық және басқа да ұқсас төлемдердің нақты сомасы болмаған жағдайда, тауарлардың нақты кедендік құнын анықтау мәселесін кейінге қалдыра алады. Олар – патенттерге, тауар таңбаларына, авторлық құқықтарға және тағы басқаға төленетін төлемдер болуы мүмкін. Бұл, әкелінген тауарларды кейіннен сатудан немесе қолданудан түскен және сатушыға тура немесе жанама жолмен тиесілі болатын кіріс бөлігінің нақты сомасы декларациялау уақытында түсініксіз болған жағдайларға да қатысты болып келеді. Оңайлату, бағасы биржадағы баға белгілеуге байланысты болатын және декларациялау сәтінде белгілі болмайтын тауарларға да қолданылады.

ЕЭК шешімінде оңайлатудың қолданыстағы тәртібі сақталады – кедендік декларациялау сәтінде СЭҚ-ке қатысушы болжамдалатын деректердің негізінде алдын ала кедендік құнды, ал 15 ай ішінде – кедендік құнның нақты көлемін анықтап, өзгертулерді кедендік декларацияға енгізуі керек. Бұл арада, алдында белгіленгендей, кедендік құнның нақты көлемі алдын ала көлемнен жоғары болса, кедендік төлемдерді қосымша төлеу үшін өсімпұлдарды өндіріп алмай-ақ қоюға болады.

Нақты кедендік құнды анықтау мерзімін ұзартудың арқасында, декларанттар тауардың кедендік құнын мәміленің құны негізінде анықтауға, сондай-ақ растау үшін қосымша қаржылық шығын жұмсаудың себебі болатын басқа да «бағалау әдістеріне» ауыспауға мүмкіндік беріледі. Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып анықтау мүмкіндігі, алғашқыда ЕАЭО кәсіпкерлерінде 2016 жылы пайда болды.