Жүйеге кіру
ЕЭК 2015 жылға етке тарифтік квоталарды белгіледі және ауыр машина жасау өнімдеріне арналған жабдықтың бөлшектеріне баж салығының мөлшерлемелерін жоғарылатты

ЕЭК 2015 жылға етке тарифтік квоталарды белгіледі және ауыр машина жасау өнімдеріне арналған жабдықтың бөлшектеріне баж салығының мөлшерлемелерін жоғарылатты

20.08.2014

19 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының кезекті отырысы болып өтті. Экономика және қаржы саясаты, сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу саласындағы мәселелер қаралды. 

Атап айтқанда, ЕЭК ауыр машина жасау өніміне арналған жабдық бөлшектерінің кейбір түрлеріне кедендік әкелім баждарының мөлшерлемелерін көтеруді шешті. Шешім ескіш бұрандаларға арналған дайындамалар, жекелеген қалақтар, күпшектер және құйылып дәнекерленген ескіш бұрандалардың сүйірлері, алмалы-салмалы қалақтары бар бұрандалар және реттелетін қадам бұрандалары, сонымен қатар қозғалтқыш – меңгерік  бағаналары бөлшектерінің құйылған дайындамалары сияқты құйылған болаттан жасалған бөлшектерге қолданылады. 

ЕЭК Сауда бойынша Алқа мүшесі (Министр) Андрей Слепнев түсіндіріп өткендей, «электрлі бөлшектері жоқ, құйылған болаттан жасалған жекелеген бөлшектерге баж салығының мөлшерлемелері кедендік бағадан 0 %-дан 5 %-ға дейін жоғарылайды. Осындай тауарларға баж салықтардың мөлшерлемелерінің жоғарылауы шетелдік аналогтармен  салыстырғанда Кеден одағы елдерінің тауарлары үшін ішкі нарықтағы бәсекелестік жағдайлардың түзелуіне, сонымен қатар жаңа зерттемелердің инвестициялық тартымдылығының жоғарылауына себепші болады».

Сонымен қатар ЕЭК алқасы 2015 жылы Кеден одағына (КО) ірі қарама мал (ІҚМ) етін, шошқа етін, құс етін және сүт сарысуының әкелуіне тарифтік квоталар орнатты. Квоталар келесі көлемдерде белгіленеді:

Беларусь: ІҚМ еті – 0 мың т, шошқа еті – 20 мың т, мұздатылған үй тауықтарының сүйектен айырылған еті – 10 мың т, күркетауық еті – 0,9 мың т, сүт сарысуы – 0 мың т.

Қазақстан: ІҚМ еті – 10,02 мың т, шошқа еті – 9,7 мың т, құс еті – 110 мың т, сүт сарысуы – 0 мың т.

Ресей: ІҚМ еті – 570 мың т, шошқа еті – 430 мың т, құс еті – 364 мың т, сүт сарысуы – 15 мың т.

Тарифтік квоталардың көлемдерін үшінші елдер арасында тарату және атқарушы биліктің уәкілеттік органдарымен тарифтік квоталар шеңберінде тауарларды әкелуге лицензиялардың берілуі КО елдерінің ұлттық органдарымен қамтамасыз етіледі. Осы тарифтік квоталар, ТМД елдерінің тауарларын қоспағанда,  Кеден одағына ішкі тұтыну үшін импортталатын тауарларға қатысты қолданылады.

ЕЭК алқасы техникалық реттеу саласында ЕЭК кеңесінің Кеден одағының (КО) техникалық регламенттерін және КО техникалық регламенттеріне өзгертулерді әзірлеудің жедел жоспарын бекіту туралы шешім жобасын мақұлдады. Жоспар Кеңестің кезекті отырысында қарау үшін енгізіледі және бірқатар қосымшаларды көздейді. Атап айтқанда, КО техникалық регламенттеріне өзгертулер жобаларының негізінде қалыптастырылған, «Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгертулер енгізу» бөлімімен толықтыру ұсынылады, өзгертулерді әзірлеу туралы шешім әлдеқашан қабылданған. Тараптардан Комиссияға ұсынылған, енді жарияланған немесе белгіленген тәртіпте ашық талқыланған, КО техрегламенттеріне өзгертулер туралы сөз болып отыр.

Бұл ретте, КО техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгертулер енгізу және күшін жою тәртібі туралы ереженің 21 тармағына сәйкес техникалық регламентке өзгертулер енгізу, оны әзірлеу тәртібіне ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады. 2012-2013 жылдарға арналған КО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарымен салыстырғанда жаңа Жоспарды Ресей Федерациясының ұсынысына сүйене отырып, «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы», «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған, жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы», «Сұйық және газ тәрізді көмірсуларды тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халықты қорғауға арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Азаматтық қорғанысқа арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерді әзірлеу арқылы толықтыру ұсынылады.

Сонымен қатар, ЕЭК алқасы ЕЭК Кеңесінің «Кеден одағының «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентіне өзгертулер енгізу туралы» шешім жобасын мақұлдады, ол Кеңестің кезекті отырысында қаралуға шығарылады. 

Бұдан басқа, ЕЭК Алқасы ЕЭК Кеңесінің «Құжаттарды дайындау және көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиінің паспорты) және өзі жүретін машина паспортының және өзге техника түрлерінің паспортының бірыңғай үлгісін енгізу үшін және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру үшін қажетті іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы, көлік құралдарының (көлік құралы шассиінің паспорты) электрондық паспорт жүйелерінің және өзі жүретін машиналар мен өзге техника түрлерінің электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісін анықтау туралы» шешім жобасын, одан әрі ЕЭК Кеңесінің отырысында қарауға енгізуге мақұлдады.

Осы шешім мүше-мемлекеттерде өндірілетін, техниканы КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің ішкі нарығына қол жетімдігін тежейтін, кедергілерді жою, осындай өнімнің КО мен БЭК ішкі нарығында еркін айналымын қамтамасыз ету үшін бірыңғай электрондық паспорт жүйесін құру мақсатында әзірленген, Көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) және өзі жүретін машина мен өзге техника түрінің паспортының бірыңғай үлгілерін енгізу және электрондық паспорт жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес анықталады. 2013 жылы Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында Келісім жобасына қол қою үшін қажетті, мемлекетішілік үрдістер аяқталды. 

ЕЭК алқасы ЕЭК Кеңесінің «Кеден одағының техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты, Кеден одағының кедендік аумағында және кедендік шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, Бірыңғай тауарлар тізбесінің II бөліміне өзгертулер енгізу туралы» шешім жобасын, ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында қарауға енгізуге мақұлдады.

Шешім жобасымен КО «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Орауыштың қауіпсіздігі туралы», «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерін техникалық реттеу нысаны болып табылатын, өнімдерді алып тастайтын өзгертулер енгізіледі. КО тиісті техникалық регламенттері күшіне енген сәттен бастап осы өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік тіркелуге жатпайды. Осы өзгертулерді енгізу өнімдердің қос тіркелуін болдырмау мүмкіндігін береді. 

Сондай-ақ, ЕЭК алқасы кедендік ынтымақтастық саласында тауарлардың КО ортақ кедендік аумағына келу және тауарлардың КО ортақ кедендік аумағынан кету орындары тізбелері құрылымының сипаттамасын бекітті. КҚК 2010 жылдың 20 мамырындағы № 257 шешімімен бекітілген, Тауар декларацияларын толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа және КҚК 2011 жылдың 15 шілдесіндегі № 728 шешімімен бекітілген, Кеден одағының ортақ кедендік аумағына жекелеген тауар санаттарын әкелген кезде кедендік баж салығының төлеуден босатудың қолданылу тәртібіне бірқатар өзгертулер енгізді.