Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО мүше мемлекеттері еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасын мақұлдады

ЕЭК Алқасы ЕАЭО мүше мемлекеттері еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасын мақұлдады

20.12.2016

19 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасы мақұлданды.

Құжаттың мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету саласында – зейнетақыны қалыптастыру және экспорттау кезінде тең құқықтармен қамтамасыз ету, еңбекшілер мүше мемлекеттерде алған зейнетақы құқықтарын қорғау, сондай-ақ зейнетақымен қамтамасыз ету саласында Одақ бойынша әріптестер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Шарт жобасы ЕАЭО мемлекеттерінде жинаған еңбек өтілін есепке жазуды көздейді. Мысалы, Беларусьте бес жыл жұмыс істеген   Қырғызстан азаматы бұл кезең жалпы еңбек өтіліне қосылатынына сенімді бола алады.

ЕЭК экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов атап көрсеткендей ЕАЭО туралы шартта Одақ елдерінің азаматтары үшін барлық негізгі құқықтар мен артықшылықтар енгізілген, бірақ ЕАЭО мемлекеттерінің азаматтары зейнеткерлік жасына толған және тұру еліне оралған кезде зейнетақыны қалай алатыны туралы жазылған бөлім жоқ.  Комиссия тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқан, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамту туралы шарт осы құқықтық олқылықты жоятын болды.

«Құруға ұмтылып отырған бірыңғай еңбек нарығы еңбек ресурстарының еркін                қозғалысын болжайды. ЕАЭО елдерінің азаматтары басқа мүше мемлекеттерде жұмыс істей жүріп зейнетақы жарналарын төлейді, қосымша құнды, осы елдердің ЖІӨ құруға өз үлестерін қосады, – деді ЕЭК өкілі. – Ал зейнеткерлік жасына толған кезде                 олар өздері кәсіби тәжірибесінің бір                    бөлігін берген мемлекеттен зейнетақы аламын деп есеп жасауға құқылы. Бұл ретте мұны іске асыруға мүмкіндік бермейтін               рәсімдік, әкімшілік сипаттағы көптеген қиындықтар бар». ЕЭК экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр)                Тимур Сүлейменовтің айтуынша, «ЕАЭО              мүше мемлекеттерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты қабылдау ортақ еңбек нарығын реттеудің соңғы элементі жұмыс істей бастайтынын білдіреді».

Зейнетақы шартында мынадай тәртіппен зейнетақыны тағайындау мен төлеу
көзделеді:

- Шарт күшіне енгеннен кейін жиналған
еңбек өтілі үшін зейнетақыны аумағында
тиісті жұмыс өтілі жиналған
мүше мемлекет тағайындайды және
төлейді;

- Шарт күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақы мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқықтарына кепілдіктер туралы келісімге сәйкес, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясына қатысты – 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттер азаматтарына Одақ елдерінде жұмыс істеген кезде алған зейнеткерлік құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығын қамтамасыз етеді.  Құжатта зейнетақыны экспорттау және басқа мүше мемлекетте жинаған жұмыс өтілін есепке алу бойынша мәселені шешу де көзделеді.

Шарт жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады.

Сондай-ақ ЕЭК Алқасы ЕЭК Кеңесінің Шартты іске асыру мәселелері жөніндегі шешімінің жобасын да мақұлдады. Комиссияға мүше мемлекеттермен бірлесіп еңбекшілерге зейнетақыны тағайындау және төлеу тетігін айқындайтын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің уәкілетті, құзыретті органдары мен ЕЭК арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейтін тәртіптің жобасын әзірлеу тапсырылды. Құжат Комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.

 

Анықтама

Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

Шарт жобасын әзірлеу кезінде ЕЭК пен мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №103 шешімімен мақұлданған Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық  шарттың тұжырымдамасын басшылыққа алды.