Жүйеге кіру
ЕАЭО бизнесі ЕО-мен диалогты бірлесіп орнатуға шақырды

ЕАЭО бизнесі ЕО-мен диалогты бірлесіп орнатуға шақырды

22.11.2019
VI Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығының еуропалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктері және ЕАЭО мен Еуропалық одақтың (ЕО) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина және ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов қатысты.

Еуропалық одақ ЕАЭО-ның ең ірі сыртқы сауда әріптесі болып табылады. 2019 жылдың сегіз айы ішінде екі бірлестіктің тауар айналымы 212 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қазір ЕО елдеріне ЕАЭО тауар айналымының 47% жуығы келді, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 52% құраған болатын (2014 жылы ЕАЭО елдеріне ЕО тауар айналымының 9,7%-ы, 2018 жылы – 7,4%-ы келді).

 Вероника Никишина атап өткендей, қазіргі кезде сауданы қалпына келтіру жалғасуда. Алайда екі одақтың тікелей диалогын да құру қажет. Бұған көбіне-көп өңірлік бірлестіктердің сындарлы қатынастарын дамытуға тікелей мүдделі болатын іскер топтардың жұмысы ықпал етеді. 2019 жылғы жаздағы ЕЭК сауда блогы мен Еуропалық комиссияның Сауда жөніндегі бас директоратының делегациялары кездесуінің нәтижесі екі комиссияның арасындағы техникалық диалогтың басына айналды.

Сонымен бірге, осындай диалогтың қажеттілігіне қарамастан, Вероника Никишина форумға қатысушыларды өзара іс-қимылдың осындай форматынан күтілетін көтеріңкі нәтижелерден сақтандырды. Ол перспективада тараптар реттегіштің өзгерістері және нарықтарға өзара қол жеткізу шарттары туралы ойлау қажет деп атап өтті. ДСҰ жүйесінің дағдарысы жағдайларында елдердің арасындағы сауданы және инвестицияларды ынталандырудың ең қажетті құралына айналып отырған өңірлік сауда келісімдері нақ соны мақсат етеді.

«Біз әріптесіміз қажетсінетін кез келген форматтағы ынтымақтастыққа дайынбыз, алайда мұндай диалогты біз бизнестің сұраныстары негізінде құрмақпыз. Тіпті ЕО-мен қазір пайда болып отырған өзара іс-қимыл форматтарының шеңберінде де біз бизнестен ұсыныстарды және оларды шешудің барынша тиімді құралдарын іздеу үшін пробламалар туралы ақпаратты күтеміз», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Өз кезегінде Тимур Жақсылықов ЕАЭО мен ЕО барынша бәсекеге қабілетті дара кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту ісінде әріптес бола алатынын, өңірлік ынтымақтастыққа және экономикалық өсімге бірге жәрдемдесе алатынын атап өтті. Бизнес ортаның реформалары, жеке меншік бизнестің бәсекеге қабілеттілігі және экономикалардың инклюзивтік өсімі басым міндеттерге айналуға тиіс.

ЕАЭО мен ЕО арасында тығыз байланыстар мен әріптестік қатынастар орнатудың тағы бір маңызды бағыты сауда-экономикалық кооперацияны нығайту және дамыту болып табылады.

«Ынтымақтастықтың қалыптасқан әлеуетін іске асыру үшін біз «төменнен жоғары қарай» алгоритмдік тәсілдемесін пайдалана отырып, сауда рәсімдерін, атап айтқанда, импорт пен экспорт рәсімдерін, транзиттік және кеден талаптарын оңайлату, үйлестіру және автоматтандыру жөніндегі шараларды талқылаудан және іске асырудан бастай алар едік, – деп атап өтті Тимур Жақсылықов. Ол кедендік рәсімдерді, техникалық регламенттер мен басқа да стандарттарды жақындастыруды, тарифтік емес тосқауылдарды жоюды, нарықтарды біртіндеп ашуды және виза рәсімдерін оңайлатуды, қаржы нарықтарына қол жетімділікті ырықтандыруды, зияткерлік меншікті қорғауды қамтиды».

ЕЭК министрі сондай-ақ бұл ретте бірін-бірі толықтыру, ынтымақтастық және өзара байланыстылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ЕАЭО мен Еуропалық одақ арасындағы өзара сенімге негізделген кешенді тәсілдемені әзірлеу және экономикалық жақындасуды қамтамасыз ету қажет деп толықтырды.

«Тұтастай алғанда, «интеграциялардың интеграциясы» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ЕО және ЕАЭО сияқты аса ірі екі интеграциялық бірлестіктердің экономикалық әлеуеттерінің қиылысуы түптің түбінде қосылған құнды ұлғайтуға және мультипликативтік тиімділік жасауға әкеледі», – деді Тимур Жақсылықов.

Пленарлық отырысқа Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының (РӨКО) президенті Александр Шохин, РӨКО атқарушы вице-президенті, Еуразиялық ынтымақтастық қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) Үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Мурычев, ЕАЫ ҚБҚ президенті, Қазақстан Республикасы Банктер қауымдастығының президенті, «Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, Францияның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Лоро Паскаль, Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры Франк Шауфф, ГФР Бундестагының депутаты Петр Быстрон, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкі басқармасының төрағасы Денис Иванов, Корей-Ресей инновациялық орталығы (KRIC) директорының орынбасары Ким Кю-Хен, World Gold Council (WGC) басқарушы директоры, нарықтық стратегиялар жөніндегі жетекші маман Джон Рид қатысты.