Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО-да тауарлардың еркін қозғалыста болу режимін сақтау қажеттігі туралы Арменияға хабарлама білдірді

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-да тауарлардың еркін қозғалыста болу режимін сақтау қажеттігі туралы Арменияға хабарлама білдірді

10.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Армения Республикасына ЕАЭО мемлекеттеріне шығарылатын тауарларға (ағаш материалдары, кен, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, түсті металдардың қалдықтары мен сынықтары) рұқсат беру мен баждың күшін жою қажеттігі туралы хабарлама білдірді. Бұлар 2012 жылы Армения Республикасының «Мемлекеттік баж туралы» Заңымен белгіленген болатын.

 

Одақ туралы шарттың 28-бабына сәйкес Одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде өзара саудада кедендік әкету баждары және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.

 

«Ішкі нарықтың жұмыс істеуінің негіз қалаушы қағидаттарын қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық комиссия қызметі басымдықтарының бірі болып табылады. Ішкі нарықтағы әрбір кедергі Алқа отырыстарында кешенді зерделенеді және жеке қарастырылады», – деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.​