Жүйеге кіру
ЕАЭО Еуразиядағы бизнестің реттеушілік мәселелерін жақындату үшін алаң ұсынуға дайын

ЕАЭО Еуразиядағы бизнестің реттеушілік мәселелерін жақындату үшін алаң ұсынуға дайын

23.10.2020
Еуразиялық экономикалық одақ реттеушілік тәсілдемелерді жақындату, ұштасуды дамыту және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында континенттегі жетекші экономикалардың консультацияларын ұйымдастырудың және жәрдемдесудің алаңы бола алар еді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев Веронада Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде «Құрылымдық экономикалық дағдарыс және пандемия: жаңа геосаяси және әлеуметтік-экономикалық тәртіпті іздеу (Еуропа, Еуразия, АҚШ, Қытай)» сессиясында сөз сөйлегенде мәлімдеді.

Министр Еуразия экономикаларын инфрақұрылым, цифрландыру және стандарттар саласында жақындатуды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. «Денсаулық сақтау немесе климаттық күн тәртібі сияқты салалардағы жаһандық сын-қатерлерге жауап үйлесімді болуы қажет», –  деп мәлімдеді ол. Андрей Слепнев бұл мәселелердің ЕАЭО үшін өмірлік маңызы бар екенін, өйткені бірлестіктің әріптестері Еуроодақ пен Қытай болып табылатынын атап көрсетті.

Министрдің пікірінше, бұл салалардағы үйлесімділік проблемасы бойынша практикалық ілгерілеу табиғи түрде өзара іс-қимылды саяси жазықтықтықтан практикалық жазықтықтыққа шығарады. Одақ кез келген елмен және экономикалық өзара іс-қимылдың кез келген бағыты бойынша диалог жүргізуге дайын.

Еуразиядағы жаһандық интеграцияға қарай алғашқы қадам ретіндегі ЕАЭО, ЕО және Қытай арасындағы техникалық стандарттар бойынша консультациялардың мүмкіндігі туралы айта келіп, Андрей Слепнев ЕЭК қазірдің өзінде бұл мәселелермен айналысып жатқанын еске салды. Атап айтқанда, 26-27 қазанда «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұштасуы» бейнефорумы өтеді, ол мемлекеттік билік органдары өкілдерінің, сарапшылар мен бизнестің қатысуымен осы мәселелер бойынша кең пікірсайысқа жол ашады.

Министрдің пікірінше, бүгінде негізгі айырық экономиканың түйықтығының пайдасына не Үлкен Еуразия тұрғысындағы өңірлік интеграцияның пайдасына таңдау жасауға қатысты. «Бастапқыда көктемде және жазда пайда болған және қазір сақталып отырған тұйықтыққа бейім үрдіс алаңдатады, ал жанжалдық әлеует өсуде. Бұдан да басқа, COVID-19-дан кейін экономикаларды пайда болған тұйықтық шеңберінде жаңа технологиялық салтта қайта жинауды жүзеге асыруды жақтайтын дауыстар күшеюде», –  деп Андрей Слепнев өз алаңдаушылығымен бөлісті. 

Осыған байланысты ол ЕАЭО басқа көптеген ел мен бірлестіктен бұрын өз игілігі өзіне жету логикасына дайын екеніне назар аударды. Сонымен бірге жалпы жағдаят елеулі алаңдаушылық тудырады: BCG бағалаулары бойынша, тұйықтық моделі 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 10 трлн АҚШ долл.дейін ысырап болуына алып келеді. «Мұның біз көріп отырған, біз ұстанатын және біздің стратегиямыздың жобасында беркітілген жауабы – экономикалық байланыстарды дамыту, экономикалардың ұштасуы және шешімдердің бәсекелестігі мен белсенді ынтымақтастық жағдайында жаңа технологиялық салтқа көшуге ықпал ететін бірлескен күш-жігер», –  деп қорытындылады Андрей Слепнев.​