Жүйеге кіру
ЕЭК жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

ЕЭК жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

21.03.2013

20 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияда Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен ЕЭК жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті. Комитеттің жұмысында Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Ресей Федерациясы Центробанкінің, РФ Қаржы министрлігінің, Ресейдің қаржы нарықтары бойынша Федералдық қызметтің (Ресей ҚНФҚ) өкілдері қатысты.

Консультативтік комитет бірқатар маңызды келісімдерді қарады. Әсіресе, Комитет жұмысының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық кеңістіктің (БЭК) қатысушысы болып табылатын мемлекеттердің қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісімнің жобасы мақұлданды. Сонымен қатар, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Капиталдың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарында жағдайлар жасау туралы Келісімнің қатысушылары болып табылатын мемлекеттер арасында мәліметтер алмасу, соның ішінде құпия мәліметтер алмасу туралы Келісімнің жобасы келісілді. Оған қоса, Консультативтік комитеттің отырысы барысында мақұлданып, қосымшалардың жекелеген нормаларын либерализациялауға қатысты 2010 жылғы 9 желтоқсандағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы Келісімге өзгерістер енгізілді.

ЕЭК жанындағы Қаржы нарықтары бойынша консультативтік комитеттің екінші отырысы сындарлы сұхбат жағдайында өтті. Келісімдердің жобалары ЕЭК сарапшыларының, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің министрліктеріндегі сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып отыр. Сонымен қатар, келісімдердің жобаларына жүргізілген жұмыстардың барысында БК қатысушы елдердің қаржылық нарығындағы ұлттық кәсіби қауымдастықтардың өкілдері берген ұсыныстары да ескерілді.

Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің алаңында отырысқа қатысушылар, одан әрі ықпалдасу және ортақ қаржы нарықтарын құруға бөгет болып тұрған кедергілерді жою мәселелері бойынша шоғырландырылған позицияны жасап шығарды.

Анықтамалық ақпарат

Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеті 2012 жылғы 25 қазанда 28-ші Алқа отырысының қорытындылары бойынша құрылды. Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Т.Сүлейменов Комитеттің төрағасы болып табылады.

Комитеттің қызметі халықаралық үздік жобаларды есепке ала отырып, Кеден одағы мен БЭК қатысушы елдердің қаржы нарықтары саласындағы ұлттық заңнамаларын үйлестіруге бағытталып отыр.

Комитеттің артықшылықты міндеті Кеден одағы мен БЭК қатысушы елдердің арасында қаржылық қызметтерді (банк және сақтандыру секторларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында) өзара саудалауды кеңейту болып табылады.