Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Т.Сүлейменов Комиссия белсенді түрде ынтымақтасуға мүдделі екендігіне бизнес-қоғамдастықты сендірді

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Т.Сүлейменов Комиссия белсенді түрде ынтымақтасуға мүдделі екендігіне бизнес-қоғамдастықты сендірді

21.03.2013

20 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов Мәскеу қаласында өткізілген «Әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік бақылауды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» конференциясына қатысты. Жыл сайынғы Ресей бизнесінің апталығы аясында бұл іс-шараны Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы (РӨКО) ұйымдастырды.–

Конференцияға ЕЭК өкілдері, РФ мемлекеттік билік органдарының, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері, Ресей, Қазақстан және Беларустың кәсіпкерлері қатысты. Конференцияда мемлекет пен бизнестің әкімшілік кедергілерді кеміту және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру бойынша міндеттері, халықаралық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің корпоративтік тәжірибелері талқыланды.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министр Тимур Сүлейменов «КО мен БЭК аумағындағы шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою және өзара сауда-саттықтағы шектеулерді алып тастау бойынша ЕЭК қызметі» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі. Өзінің баяндамасында ол Еуразиялық экономикалық комиссияның бүгінде шешіп отырған қызметтерге, мақсаттар мен міндеттерге осы конференция тақырыбының жақын екендігін айтып келтірді. «Ықпалдастық локомотиві барынша жедел жылдамдықпен қозғалып келеді; ол өзінің тиімділігін танытып отыр, ал өзара сауда-саттықтың цифрлары, өзара салынып келе жатқан инвестициялардың өсімі, әрі Кеден одағына қосылуға да, сонымен қатар КО елдерімен пұрсаттылықты сауда-саттық қарым-қатынастарын орнатуға да біршама елдердің қызығушылық танытып отырған зор мүдделері соның көрсеткіші болып табылып отыр», - деп мәлімдеді Министр.

Осылай, Кеден одағы жұмыс істей бастаған алғашқы екі жыл ішінде өзара сауда-саттық екі есеге ұлғайды. 2011 жылдан 2012 жылға қарай өсім баяулап, 2009 жылдың төменгі базасына және де КО мүше елдер арасында шекараларды жою секілді ықпалдасу құралының әлеуеті таусылғандықтан 8-ден сәл астам ғана пайызды құрады. Оған қоса, КО елдеріндегі өзара сауда-саттықтың өсу қарқынының баяулауы үш елдің экономикасының құрылымымен байланысты болды: үш елдің де өзара сауда-саттығында әлі де басым құрамдас бөлік – шикізат тауарлары болып табылады. Министрдің пікірінше, қазіргі уақытта Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің үкіметтері мен бизнес-қоғамдастықтарының алдында сауда ағындары мен экономикаларын әртараптандыру міндеті тұр. Ол сонымен қатар, шикізат тауарлары үшін әкімшілік кедергілер тіптен жоқ болып отырса, халық тұтынатын тауарлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінде ол әлі сақталып келе жатқандығын айтты.

Сондықтан да, Т.Сүлейменовтың айтуынша, аса тиімді түрде экономикалық тұрғыдан ынтымақтасып, сауда-саттықты дамыту үшін, ұлттық деңгейлердегі, соның ішінде елдердің арасындағы кедергілерді де, әкімшілік кедергілерді де жою қажет болады. 2012 жылдың 21 желтоқсаны күні Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары тауарлардың, капитал, қызмет көрсету мен жұмыс күшінің бағыттарында кезігетін қалған кедергілерді біртіндеп жоюға ЕЭК пен үкіметтеріне тапсырма берді. ЕЭК Алқа Мүшесі қазіргі уақытта КО аумағында сауда-саттық кедергілері жоқ екендігін, алайда ұлттық деңгейлерде де, ұлттықтан жоғары деңгейде де жоюды қажет ететін әкімшілік кедергілердің бар екендігін баса айтты.

ЕЭК Алқа Мүшесі мынадай ортақ міндеттерді шешу үшін ЕЭК бизнес-қоғамдастықтармен өзара әрекет етіп отырғандығы жайында айтып берді: БЭК нарығына қатысушылар арасындағы түйінді мәселелерді қарау, ықпалдастық процеске қатысушылардың мүдделерін тең дәрежеде қорғау қағидатын сақтау, БЭК аумағындағы сауда-саттықта кезігетін кедергілерді мейлінше азайту. Атап айтқанда, ЕЭК стратегиялық мәселелерді талқылау үшін пікірталас алаңы болып табылатын ЕЭК пен Белоруссия-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогының өзара әрекеттесуі бойынша Консультативтік комитетін құрды. Бұл алаңда Комиссия ұлттықтан жоғары жаңа реттеуші ретінде бизнеспен кеңесулер жүргізетін болады, сауда-саттық қарым-қатынастарынан, техникалық реттеуден бастап, қаржы саласымен аяқталатын Комиссия қызметінің барлық бағыттары бойынша орын алатын түгел сұраулар бойынша шешімдер қабылдай алады. Оның үстіне, ЕЭК аясында консультативтік комитеттер де әрекет етеді, соның ішіндегі Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитет – үш елдің де бизнестеріндегі проблемаларды шешудің тактикалық механизмі. Онда ЕЭК жергілікті жерлерде бизнестің алдында кезігетін кедергілерді жоюға қатысты қандай да болмасын мәселелерді шұғыл шешіп отырады. ЕЭК аясында Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті өз қызметтерін жүзеге асыруда, оның алға қойған мақсаты – Комиссия ішінде бизнестің мүдделерін қорғау, кәсіпкерлерге өздерінің құқықтарын сақтауына жәрдем беру.

ЕЭК Алқасының мүшесі Тимур Сүлейменов ЕЭК құрылымы, қызметтері мен міндеттері туралы қысқаша әңгімелеп берді. ЕЭК ең маңызды деген қызметтерінің бірі – халықаралық келісімдердің аясында тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауларына мониторинг жасап отыру. Комиссия Тараптармен, яғни үкіметпен немесе мемлекеттік органмен өзара кеңесулер жүргізе алады. Ал бәтуаластыққа қол жеткізе алмаған жағдайда, ЕЭК Тараптарға орындалуы міндетті саналатын КО мен БК аясында қабылданған халықаралық міндеттемелердің бұзылғандығы туралы хабарламалар жіберуге құқы бар.

Министр ЕЭК-ң осы құқығын іс жүзінде пайдаланған кездерін нақты мысал ретінде келтіре кетті. Осылай, 2012 жылы Ұлттық режим табыс ету жайындағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы Келісімнің ережелеріне қарама-қайшы келген Мемлекеттік биліктің федералдық органдарына тек қана ресейлік өндірісте шығарылған мауыты маталардан тігілген формаларды сатып алу талаптарын алып тастау бөлігінде Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Сонымен қатар, кеңесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен Беларуста де осындай түйінді жағдай шешімін тапты. Осылайша, Беларустың Құрылыс және сәулет министрлігінің Алқа Шешіміне сәйкес бюджеттік қаражат есебінен құрылыс жүргізілгенде, тек қана Белоруссиялық құрылыс материалдарын қолдануға ұйғарым жасалған. Тимур Сүлейменов әкімшілік кедергілер болғанда бизнеске әрдайым ЕЭК арыздануға шақырды: «Сіздердің проблемаларыңыз тек қана үкіметтерде, экономика министрліктерінде ғана емес, ұлттықтан жоғары деңгейде де назар аударылып шешімін таба алады. Біз барған сайын ықпалдасып бара жатқандықтан, бір ғана ұлттық министрліктің, тіпті бір үкіметтің қауқары жеткіліксіз».

Сонымен қоса, Министр тауарлардың жекелеген нарықтарында реттеудің үйлесімді бірыңғай ережелерін әзірлеуді ЕЭК жүзеге асыратындығын айтып берді. Ол қазіргі уақытта ЕЭК этил спирті мен алкоголь өнімдерін жасап шығару және олардың айналымы туралы Келісімнің жобасын дайындау бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқандығы туралы хабардар етті.

Комиссияда қазіргі уақытта қолға алынған тағы бір маңызды мәселе, – ұлттықтан жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер жобаларының реттеуші ықпалын бағалау (РЫБ) жүйесінің енгізілуі. Жақын арада отандық және халықаралық озық тәжірибелерді пайдалана отырып, бизнес-қоғамдастықпен тікелей ынтымақтаса жүріп, ЕЭК құжаттарының жобаларына РЫБ жүргізудің әдістемесі әзірленетін болады, - деп баса айтты Министр.

Сонымен де Министр ЕЭК нормативтік-құқықтық базасын құру, қолданыстағы келісімдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар БЭК мемлекеттерінің кәсіпкерлік секторының мүдделері есепке алына отырып жүзеге асырылуда, және де біздің елдеріміздегі бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылдарын тереңдете түсуге септігін тигізетін болады.