Жүйеге кіру
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов Қазақстанның бизнес-бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов Қазақстанның бизнес-бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті

21.03.2014

21 наурыз күні Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов монополияға қарсы реттеу саласында Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін жұмысты түсіндіру мақсатында «Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы» қоғамдық бірлестіктері, «TSP» ЖШС, «Arsenal SP» ЖШС, «Leto» ЖШС және дара кәсіпкерлермен кездесті. 

Кездесу барысында «параллельді импорт» проблемалары талқыланды, оны тәуелсіз жеткізушілер мен ресми дилерлер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы заңдастыру импортталатын бренд тауарларының бағасын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді. «Параллельді импортқа» тыйым салудың күшін жою нәтижесінде автоға арналған қосалқы бөлшектердің бағасын 60-80%-ға, спорт тауарларының бағасын 30-45%-ға, парфюмерлік өнімнің бағасын 20-60%-ға, фотоаппараттардың бағасын 20%-ға дейін, велосипедтердің бағасын 40 %-ға, автокреслолардың бағасын 50%-ға дейін төмендетуге болады.

«Параллельді импортқа» тыйым салудың тұтынушылар үшін маңызын және тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына айтарлықтай әсерін ескере отырып, оны заңдастыру туралы мәселе Ресей Федерациясында да талқыланып жатыр. Сөйтіп, 2014 жылдың 12 наурызында Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметі Алқасының кеңейтілген отырысында тиісті нормалар қабылданады, бірақ айтарлықтай қаражаттарын өндірісті Ресей Федерациясына аударуға инвестициялаған, экономиканың кейбір салаларындағы шетел өндірушілері үшін 2018 жылға дейін уақыт коридоры ұсынылады – бұл барлығына бейімделу және параллельді импортты заңдастыру мүмкіндігін беретін мерзім. 

Өз кезегінде, ЕЭК 2014 жылы Беларусь, Қазақстан және Ресейдің тауар нарықтары үшін «параллельді импортқа» тыйым салу салдарына ауқымды зерттеу жүргізуді жоспарлауда.

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасында:

2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тауарлық белгілерге айрықша құқықтарға құқықтарды жоққа шығарудың халықаралық принцибі қолданыста болған, оған сәйкес кез-келген елдің аумағында тікелей құқық иеленуші немесе оның келісімімен өзге тұлғалар азаматтық айналымға заңды түрде енгізген тауарларға қатысты осы тауар белгісін пайдалану тауар белгісіне айрықша құқығының бұзушылығы болып табылмайды («параллельді импорт» рұқсат етілген және құқық иеленуші тыйым сала алмайды);

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар белгілеріне айрықша құқықтарға құқықтарды жоққа шығарудың аймақтық принцибі енгізілген, оған сәйкес тікелей құқық иеленуші немесе оның келісімімен өзге тұлғалар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының аумағындағы азаматтық айналымға заңды түрде енгізген тауарларға қатысты осы тауар белгісін пайдалану тауар белгісіне айрықша құқықтың бұзушылығы болып табылмайды («параллельді импорт» рұқсат етілген, бірақ құқық иеленушімен тыйым салынуы мүмкін).

Ресей Федерациясында және Беларусь Республикасында 2012 жылдың  1 қаңтарына дейін тауар белгісіне құқықты жоққа шығарудың ұлттық принцибі қолданыста болған.