Жүйеге кіру
ЕЭК Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің отырысында КО мүше-мемлекеттердің қаржы саясаты саласындағы бірқатар мәселелер қаралды

ЕЭК Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің отырысында КО мүше-мемлекеттердің қаржы саясаты саласындағы бірқатар мәселелер қаралды

20.03.2014

19 наурыз күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің кезекті отырысында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен КО мүше-мемлекеттердің қаржы саясаты саласындағы бірқатар мәселелер қаралған болатын.

Отырысқа Консультативтік комитет мүшелері, соның ішінде ЕЭК өкілдері, ҚР, БР, РФ Ұлттық (Орталық) банктің, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Ресей Федерациясының Экономикалық дамыту министрлігінің өкілдері қатысты.

Консультативтік комитеттің отырысын аша отырып, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов атап өткендей, КО және БЭК мемлекеттерінің ортақ қаржы нарығын қалыптастыру осы ықпалдастыру кезеңіндегі өзекті міндет болып табылады. Оның айтуынша, ортақ қаржы нарығы капиталдың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерді әртараптандыру, қаржылық қызметтер нарығындағы бәсекелестікті арттыру және «үштіктің» қаржы нарықтарына өзара қол жетімдік бойынша кедергілерді жою мүмкіндігін береді.

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы және оған қосымшаның XI «Қаржы нарықтарын реттеу» бөлімін талқылады. Тараптардың кедергілерді және қаржы саласындағы өзге шектеулерді жою бойынша ұсынымдары ұсынылған. Бұдан басқа, КО және БЭК аумағындағы аудиторлық қызмет туралы келісім жобасын әзірлеу бойынша қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитет жанындағы жұмыс тобының құрамы бекітілген.

Сондай-ақ, отырыс барысында ЕЭК жанындағы Қаржы нарықтары бойынша консультативтік комитет пен Бүкіл ресейлік сақтандырушылар одағы арасындағы өзара әрекеттестік туралы меморандум жобасы талқылауға ұсынылған. Қаржы нарықтары бойынша консультативтік комитет отырысының қорытындылары бойынша қарастырылатын мәселелер бойынша келісілген шешімдер қабылданған.