Жүйеге кіру
Жаңалықтар РАА-де «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумы болып өтті

Жаңалықтар РАА-де «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумы болып өтті

21.03.2014

20 наурыз күні Мәскеу қаласында Жаңалықтар РАА алаңында  «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумы болып өтті.

Форумның басты ұйымдастырушысы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) болды, ол Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағы (КО) және Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) тұрақты әрекет ететін реттеуші органы болып табылады. Іс-шараның өзге ұйымдастырушылары «Бағалы қағаздар нарығы» журналы және Ресей Федерациясының Сауда өнеркәсіп палатасы (РФ СӨП) болды.

Форумның жұмысына ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов, ЕЭК өкілдері, КО мүше-мемлекеттердің Орталық (Ұлттық) банк басшылары – Беларусь Республикасының Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Тарас Надольный, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Акишев, РФ Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов, бейінді министрліктер-ведомстволардың басшылары – статс-хатшы- Ресейдің Қаржы мониторингі жөніндегі федералды қызметінің директор орынбасары Павел Ливадный, Ресейдің Федералық салық қызметінің басшы орынбасары Алексей Оверчук, РФ Қаржы министрліктерінің өкілдері, жетекші қаржы институттарының, БЭК елдерінің бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, соның ішінде РФ бірқатар банктерінің топ-менеджментінің өкілдері қатысты. Бір тараптан реттеуші органдардың өкілдері және екінші тараптан бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасындағы диалогқа сақтандыру, банктік және қор нарықтарына кәсіби қатысушы жетекші бірлестіктердің басшылары, ірі биржалық алаң басшылары, сарапшылар, ғылыми айнала өкілдері белсене қатысты.

Пікірталас панелінің модераторлары ретінде РФ СӨП Қаржы нарықтары және несие ұйымдары жөніндегі комитет төрағасы Яков Миркин, «АЛОР» МК бақылау кеңесінің төрағасы Анатолий Гавриленко және «Бағалы қағаздар нарығы» журналының бас редакторы Александр Коланьков баяндама жасады.

Форумның шеңберінде бірнеше пікірталас панелі болып өтті. Атап айтқанда, «Қаржы нарықтары» пікірталас панелінің барысында қатысушылар БЭК қатысушы-мемлекеттердің қаржы нарықтарына ықпалдасу үрдістерінің кезеңдерін талқылады – капиталдар, сақтандыру қызметтері нарығындағы өзекті проблемалар және реттеу қақтығыстары, соның ішінде қаржы нарығында ұлттықтан жоғары реттеуші органды құру және олардың ұлттық реттегіштермен және өздігінен реттелетін ұйымдармен өзара әрекеттесуі.

«Қаржы нарықтары» пікірталас панелін аша отырып, ЕЭК Қаржы саясатының департамент директоры Бембя Хулхачиев, қазіргі таңда дүние жүзінде нарықтар мен инвестициялар үшін бәсекелес күрес жүріп жатқанын атап өтті. Осыған орай, Еуразиялық экономикалық комиссияның міндеті – КО мүше-мемлекеттерінің бизнесі үшін барынша жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету. 

«Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарығы бөліміндегі квинтэссенциясы лицензияларды өзара мойындау, банк филиалдарын ашу, үшінші елдер үшін мұндай мүмкіндіктерге тыйым салған жағдайда мүмкін. Біз нарықтарды бір-біріміз үшін өте жылдам аша алар едік деп ойлаймын, ең алдымен бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру нарығы біздің елдеріміздің азаматтары –қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделіктерін ескереді. ЕЭО туралы шарт негіздерін сала отырып, біз осы маңызды мәселелердің шешілуін кейінге қалдырмауымыз керек», - деп атап өтті Бембя Хулхачиев. Ол КО мүше-мемлекеттердің орталық банк өкілдерінің келісіміне сүйене отырып, 2025 жылға дейін КО мүше-елдер ұлттық заңнаманы үйлестірген жағдайда және бірқатар өзге шарттарды орындаған жағдайда лицензиялардың өзара мойындалуына әкелуі мүмкін болатынына үміт артты. ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиев іс-шараға қатысушыларды қарсы алды, «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру проблематикасы жөніндегі форум алғаш рет өтіп жатыр, алайда ЕЭК оның дәстүрлі болатынына сенімді» деп атап өтті.

«Халықаралық салық салу, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ізін жасыруға) қарсы әрекет ету» пікірталас панелінің күн тәртібінде капиталды шығару, қылмыстық жолмен алынған табыстың ізін жасыруға қарсы әрекет ету, КО және БЭК-тегі халықаралық салық салу проблемалары тұрды. 

Пікірталас барысында Форумға қатысушылар өзара саудадағы жанама салық салу саласындағы проблемалық мәселелерді, оларды шешу жолдарын және елдеріміз арасындағы терең ықпалдасу үрдістері жағдайында одан әрі дамыту келешегін қарастырды. 

Осы пікірталас панелін қорытындылай келе, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов атап өткендей, салық нарықтарын ықпалдастыру бірнеше элементті құрау керек: жанама салық салу саласындағы КО елдеріндегі әкімшілендіруді жақсарту, өзара сауданың үйлестірілген талаптарын шығару, сонымен қатар КО елдеріндегі салық суверенитетін және заң құзыреті бәсекелестігін сақтау кезіндегі аса сезімтал салықтар бойынша мөлшерлемелерді үйлестіру. 

Бұдан басқа, форумның шеңберінде келесі тақырыптық секциялар жүргізілді:

- реттеу және өздігінен реттеу мәселелерін, заңнаманы үйлестіру проблемаларын, соның ішінде ұлттықтан жоғары реттеу институттарын қалыптастыру, ортақ қаржы нарығын құру және оларды қалыптастыру мерзімдерін талқылай отырып, «Капиталдар нарығы» секциясы;

- жанама салықтарды әкімшілендіру тәжірибесін қарау және КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру, капиталдың жылыстауымен әртүрлі күрес аспекттерін, қайта офшорлау мәселелерін, КО және БЭК мүше-мемлекеттердің заңнамасына ФАТФ ұсынымдарын имплементациялау проблематикасын қарастыру арқылы, «Салық саясатын үйлестіру, қайта офшорлау, капитал шығару, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы әрекет ету» секциясы;

- БЭК шеңберінде сақтандыру ынтымақтастығын дамыту мәселелерін, БЭК мүше-мемлекеттер үшін қауіп-қатерлерден тиімді қорғау тәсілі ретінде трансшекаралық қайта сақтандыру проблемаларын, Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы-мемлекеттердің көлік құралдар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерін мойындау жүйесін құру мәселелерін талқылай отырып, «Сақтандыру нарығы» секциясы;

- «Факторинг» секциясы, өзінің секциясында факторингтік қызметтің реттелуін өзгерту бойынша ұсынымдар қатарын дайындады; 

- «Тұтынушылар құқығын қорғау және халықтың қаржы сауаттылығын дамыту» секциясы. «Секция шеңберінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржы сауаттылығын жоғарылату бойынша КО және БЭК мүше-мемлекеттердің тәжірибесі қарастырылған, сонымен қатар осы бағыттар бойынша жұмысты мемлекетаралық үйлестіру мәселелері талқыланған».

Форумды қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылардың қорытынды бұрыштамалары қалыптастырылды, онда форумға қатысушылардың форум жұмысының бес бағыты бойынша қазіргі проблемаларын шешу жолдары туралы ортақ пікірі тіркелді: капиталдар нарығы; салық саясатын үйлестіру, қайта офшорлау, капиталды шығару, қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы әрекет ету; сақтандыру нарығы; тұтынушылар құқығын қорғау және халықтың қаржы сауаттылығын дамыту, факторинг.