Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдерінде кәсіпкерлік қызметті ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізуде

ЕЭК ЕАЭО елдерінде кәсіпкерлік қызметті ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізуде

21.04.2017

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Гнел Маилян VI Халықаралық экономикалық форумның қатысушыларына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың ережелерінде көзделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.​

Орша қаласында (Беларусь Республикасы) өткен форумға ЕЭК өкілдері, Беларусьтің және Ресейдің уәкілетті органдарының, сондай-ақ кәсіпкерлік және сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Гнел Маилян бизнес жүргізуді қамтамасыз ететін мүмкіндіктер ішінде өзара қолжетімділік жағдайының нашарлауына, кемсітушілік шараларын ендіруге, рұқсат берудің жаңа талаптары мен рәсімдері салдарынан Одақ туралы шартпен ұсынылған пайдалардың күшін жоюға жол бермеуді, қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру факторының өзін атады. Қызметтер көрсету нарығы шеңберінде рұқсат ету құжаттарын (қызметтер көрсетуге, жұмыстарды орындауға) және кәсіби біліктілікті автоматты түрде тану, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің бірінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болған жағдайда Одақтың барлық аумағында қызметті жүзеге асыру көзделген. Жеткізушілерді және қызметтер көрсетуді алушыларды қоса алғанда, Одаққа мүше мемлекеттердің тұлғаларына ұлттық режим және барынша қолайлылық режимі, сандық және инвестициялық шектеу шараларын қолдануға жол бермеу секілді құқықтық кепілдіктер жиынтығы ұсынылады. Инвесторлар үшін қосымша қорғау кепілдіктері көзделген. Барлық мемлекеттік органдарға реттеудің транспаренттілігін қамтамасыз ету бойынша талаптар қойылады. 

Сонымен қатар, Гнел Маилян форумға қатысушыларды қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, қызметтер көрсету саудасын ырықтандыруды қамтамасыз ету үшін ЕЭК қабылдаған шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Комиссия өкілінің айтуы бойынша, ырықтандыру үшін негізгі құрал Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметті реттеу қағидалары болып табылады. Бұл құжат прогресивті халықаралық тәжірибеге негізделген және реттеушілерге арналған либералдық нормаларды және бизнес үшін қосымша кепілдіктерді қамтиды. 

Мұндай кепілдіктерге, соның ішінде кәсіпкерлердің норма шығармашылыққа қатысуын, рұқсат беру және хабарлама рәсімдерінің ауыртпалық түсірмеуін және транспаренттілігін қамтамасыз етуді, бақылау (қадағалау) кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілдемені; шамадан тыс, тиімсіз реттеуші талаптар мен рәсімдерді оңайлату немесе жою механизмін жатқызуға болады.

Гнел Маилян ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті Еуразиялық экономикалық комиссияда «ақылды» реттеу элементтерін ендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ЕЭК жұмыс практикасына кәсіпкерлік қызметті жүргізу талаптарына ықпал етуі мүмкін Комиссияның шешімдері жобаларына реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) рәсімі ендірілді. ЕЭК өкілі РӘБ рәсімдерін жүргізу нәтижелері және жетілдіру перспективалары туралы хабардар етті. 

Қазіргі уақытта ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті бизнес-қоғамдастықтың қолдауымен актілер тізбесін қалыптастыруда. Олар сандық әдістерді пайдалана отырып РӘБ жүргізу бойынша және ЕЭК-тің қабылданған шешімдерінің іс жүзінде әсер етуін бағалауды жүргізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде қаралатын болады.

Осыған байланысты Гнел Маилян Одақ елдерінің бизнесін РӘБ рәсімдері шеңберінде құжаттарды жария талқылауға белсенді қатысуға шақырды. Іскерлік қоғамдастық өкілдері сауалнама парағын қағаз немесе электрондық түрде толтыра отырып, өз ескертпелерін ЕЭК-ке жолдай алады.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті инвестициялар тарту үшін мемлекеттік-жекеше әріптестік құралдарын жетілдіру бойынша жұмысты да үйлестіріп отырады.