Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның кедендік құжаттарының құрылымы жаңартылды

ЕАЭО-ның кедендік құжаттарының құрылымы жаңартылды

21.04.2020

21 сәуірде ЕЭК Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың басты кедендік құжаттары: тауарларға арналған декларация, транзиттік декларация, сондай-ақ олардың ажырамас бөліктері – тауарларға арналған декларация мен кедендік құн декларациясын түзету құрылымының жаңартылған версиялары бекітілді. Оларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар да өзгертілді.

 

Осыған байланысты Алқа мүшелері күн тәртібіндегі бірнеше мәселені бірден қарады. Комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы үш шешіміне және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.

 

ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеев атап өткендей, қабылданған шешімдер ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық ақпараттық жүйелерінің қимылын одақтық құқықтық актілермен қадамдастыруға мүмкіндік береді. Бұл арада сөз тауарларды уақытша мерзімдік декларациялауға, тауарларға декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және басқа да құжаттарды пайдалануға, Сербиядан, Сингапурдан, Ираннан және т. б. әкелінетін тауарларды декларациялауға байланысты мәселелер туралы болып отыр.

 

Жаңартылған версиялар - Еуразиялық экономикалық комиссияның мүдделі тұлғаларға кедендік құжаттарды толтырудың жаңа қағидаларын іске асыруға көмектесетін өзекті әрі оңтайландырылған құрылымдарды ұсыну жөніндегі тұрақты, кешенді жұмысының нәтижесі. Бұл ретте Одақтың деректер моделі бөліктерінің жаңартылған версиялары, сондай-ақ кедендік мәліметтерді автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті кодталған ақпарат пайдаланылады.​