Жүйеге кіру
Виктор Назаренко: «Біз техникалық реттеудің одақтық жүйесін дамытудың стратегиялық міндеттерін іскер қоғамдастықтың шынайы қолдауы кезінде ғана шешеміз»

Виктор Назаренко: «Біз техникалық реттеудің одақтық жүйесін дамытудың стратегиялық міндеттерін іскер қоғамдастықтың шынайы қолдауы кезінде ғана шешеміз»

В.Назаренко.jpg
21.05.2020

Техникалық реттеу саласындағы Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық міндеттері өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды және сәйкестікті бағалаудың бірыңғай рәсімдерін тұжырымдау арқылы саудадағы техникалық тосқауылдарды жою, ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ең озық талаптар мен технологияларды қолдану арқасында Одақ өнеркәсібі өндіретін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл туралы ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының бейнеконференция режимінде өткен отырысында мәлімдеді.

 

ЕЭК министрі одақтық елдер бизнесінің белсенді қатысуынсыз шешілмейтін түйінді міндеттердің ішінен өнімге және оны өндіру процестеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды әзірлеу мерзімдерін жылдамдату қажеттігін атады. «ЕАЭО техникалық регламенттерін және оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеу жоспарын орындау мониторингі 2014 жылдан бері жоспарланған 23 техникалық регламент жобасының тек 12-сі ғана, ал оларға енгізілетін өзгерістердің 37 жобасының 11-і ғана әзірленгенін көрсетті. Әзірлеушілер Жоспардың барлық орындалмаған позициялары бойынша мерзімді екі жылға және одан да көп уақытқа созып алды», – деп атап көрсетті Виктор Назаренко.

 

Мұның себебі ретінде министр ЕАЭО мемлекеттеріндегі жүргізіліп жатқан келісу рәсімдеріне деген немқұрайлы қарым-қатынасты, жекелеген уәкілетті органдардың бірыңғай міндетті талаптарды белгілеуге мүдделі еместігін, ал бұларды қабылдау ұлттық ведомстволық құжаттардың көмегімен нарықты реттеу мүмкіндігін болдырмайтынын айтып түсіндірді.

 

Стандарттау туралы айта келе, Виктор Назаренко «замани стандарттарға деген қажеттілік үздіксіз өсуде. Бұл ретте Одақтың бірде бір елі Комиссияның мемлекетаралық стандарттар әзірлеуді бірлесіп қаржыландыру туралы ұсынысын әзірше қолдаған жоқ», – деп атап көрсетті. Ол осыған байланысты ЕАЭО елдерінің бизнес және өнеркәсіп өкілдеріне аталған проблеманы шешуге белсене қатысуды ұсынды.

 

ЕЭК министрі «аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласында жинақталған тек шешілмей отырған ғана емес, сондай-ақ тереңдей бастаған проблемаларға» ерекше назар аударып өтті. Мәселен, коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шеңберінде әлемдегі шектеулер жағдайларының өзінде ЕАЭО елдерінің сәйкестікті бағалау жөніндегі жекелеген органдары сериялап шығарылатын шетелдік өнімге жаппай сертификат бере отырып, үшінші мемлекеттердегі өндіріске талдау жүргізудің «ебін табуда».

 

Комиссия Одақтың барлық елінің тиісті мемлекеттік органдарының, соның ішінде құқық қорғау органдарының назарын осындай сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне үнемі аударып отыр. Сонымен бірге, олардың тарапынан, бірінші кезекте аккредиттеу және мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды негізсіз берудің жолын кесудің пәрменді шаралары қабылданбай келеді.

 

Сериялап шығарылатын шетелдік өнімге сертификаттар беру жөніндегі қызметтің Одақ елдерінің уәкілетті органдары тарапынан жеткіліксіз бақылануы ЕАЭО-ның өз нарығын импорт үшін іс жүзінде «ашып қоюына» алып келді. Виктор Назаренко: «егер сертификаттарды негізсіз беруге елдердегі контрафактілік және жалған импорттық өнімнің айналымына қарсы іс-қимылдың үйлестірілген нақты шаралары болмай отырғанын қоссақ, онда ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі үшін тұтастай бірқатар одақішілік тосқауылдар бар болып тұрған кездің өзінде үшінші елдерге Одақ нарығындағы «еркін саудасы» үшін қолайлы жағдайлар жасалған деуге болады», – деп атап көрсетті.

 

ЕЭК министрі «Одақтың қадағалау органдарының ортақ нарықты қауіпсіз емес тауарлардан қорғаудың сенімді механизмін құру жөніндегі өзара іс-қимылының тиімділігі өте-мөте төмен» деп атап өтті. Одақтың қауіпті өнім туралы ақпараттық жүйесін құру жөнінде ЕАЭО-ның алты (төмен вольтты жабдыққа, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге, ойыншықтарға, көлік құралдарына, ет және сүт өнімдеріне арналған) техникалық регламентінің мысалында істеліп жатқан пилоттық жобаның тәжірибесі әрбір қадағалау органының, жобаға қатысушының жұмыс нәтижелерін көру, айналыста жүрген өнімдер бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы анық ақпарат алу мүмкіндігін ашып берді. «Бірқатар қадағалау органдарының жобаға қатысудан өзін өзі шеттетушілігі алаңдаушылық туғызады. Комиссия бизнес пен ЕАЭО Іскерлік кеңесі мүшелерінің осы мәселелерді шешуден қаға берісте қалмауына өте мүдделі», – деп атап өтті министр.

 

Министр «техникалық реттеу саласындағы интеграцияны дамытудың Одақ шеңберіндегі неғұрлым перспективалы факторларының бірі цифрландыру болып табылатынына» сенімді. Ол цифрлық сервистер техникалық реттеу жүйесінің барлық бағытын: өнімге қойылатын талаптарды нормалауды, сәйкестікті бағалауды, аккредиттеуді және міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалауды қамтуға тиіс деп атап көрсетті.

 

Бұларды құру ЕАЭО елдері өнімдерінің сапасын арттыруға, өнімді айналысқа шығару мен оларды жүргізуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға байланысты барлық рәсімдерді жеңілдетуге алып келеді. Бұл ретте аккредиттеу және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қоса, техникалық реттеу жүйесінің барлық қатысушысы қызметінің ашықтығын айтарлықтай артады.​