Жүйеге кіру
Артак Камалян: «Мемлекетаралық бағдарламалар – өнеркәсіптік кооперацияның неғұрлым тиімді құралы»

Артак Камалян: «Мемлекетаралық бағдарламалар – өнеркәсіптік кооперацияның неғұрлым тиімді құралы»

IMG04097.JPG
21.05.2020

ЕЭК Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің отырысына қатысушылар жаңа экономикалық жағдайлардағы бағдарламалық-нысаналы басқарудың қазіргі заманғы тәсілдемелерін қарады және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекетаралық бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру барысын талқылады.

 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян атап өткеніндей, дәл осындай бағдарламалар - өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілетудің және жоғары технологиялық бірлескен жобаларды іске асырудың неғұрлым тиімді құралы. Ол Одақтың алғашқы пилоттық жобасы – «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтаудың ұлттық дерек көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі» мемлекетаралық жобасын мысал ретінде келтірді. Министр ғарыш жөніндегі бағдарлама одақтық елдердің өнеркәсіптегі бірқатар тұтастай салалар мен перспективалы бағыттар бойынша белсенді бірлескен жұмысына бастау болады деп сенім білдірді.

 

Консультативтік комитет шеңберінде сондай-ақ кезекті орташа мерзімді кезеңге арналған Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының (ӨЫНБ) пысықталған жобасы талқыланды. Құжат нақты құрылымға ие болды, көлемі жағынан оңтайландырылды, заң техникасының қолданыстағы талаптарына және ЕЭК-те бекітілген нормативтік актілер жобаларын ресімдеу қағидаларына сәйкес келтірілді. Ол ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік даму мен ынтымақтастықтың мақсаттарын, міндеттерін, бағыттары мен құралдарын, сондай-ақ мақсатты индикаторлар тізімін қамтиды.

 

Күн тәртібінің басқа мәселелері бойынша Комитет мүшелері ЕАЭО мемлекеттерінің сезімтал тауарларға қатысты міндеттемелерін орындауы бойынша 2019 жылғы мониторинг нәтижелерін, сондай-ақ «Еуразиялық станок жасау жөніндегі инжиниринг орталығы» АКҰ-ның 2020-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын қарады.

 
Анықтама

Кезекті орташа мерзімді кезеңге арналған Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының жобасын дайындау туралы шешім 2019 жылғы 25 қарашада ЕЭК Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында қабылданды. Жоба ЕАЭО елдерінің жетекші ғылыми ұйымдары мен сарапшыларының консорциумында тиісті ҒЗЖ қорытындыларын ескере отырып әзірленді.​