Жүйеге кіру
ЕАЭО-да құрамында қауіпті заттектер бар дәрілік заттар өндірудің бірыңғай тәсілдемесі айқындалды

ЕАЭО-да құрамында қауіпті заттектер бар дәрілік заттар өндірудің бірыңғай тәсілдемесі айқындалды

21.05.2020
ЕЭК Алқасы Құрамында қауіпті заттектер бар дәрілік заттар өндіру жөніндегі нұсқаманы қабылдады.
 
Құжат әсер ететін заттектер ретінде құрамында ықтимал қауіпті қосылыстары болатын дәрілер өндірісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдемелерін белгілейді. Ол алкилдеуші агенттер тобының ісікке қарсы дәрілер, кейбір антибиотиктер, иммундық жүйеге әсер ететін заттар, радиофармацевтикалық препараттар және басқа бірқатар дәрілік препараттар сияқты белсенділігі жоғары дәрілік препараттарды өнеркәсіптік өндіруде қолданылады.

Нұсқама қауіпті заттектермен жұмыс істейтін кәсіпорындарды жобалаудың және пайдалануға берудің бірыңғай форматын белгілейді. Мұндай тәсілдеме белгілі бір сападағы дәрілік препараттарды шығаруды қамтамасыз етуге және тұтынушылар персоналын құрамында қауіпті заттектер бар өнімнің болуы мүмкін зиянды әсерінен қорғауға мүмкіндік береді.
 
Құжат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұқсас нұсқамасымен үндестірілген және өндірушілерге Одақтың GMP (Тиісті өндірістік практика) талаптарына сәйкестігіне арналған фармацевтикалық инспекцияларға дайындалу үшін қажет.
 
Алқа шешімі фармацевтикалық өндірісті біркелкі бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспектораттарының осындай өндірістерді бағалау нәтижелерін танымауына байланысты тосқауылдар қалыптасатынын алдын ала ескертеді.​