Жүйеге кіру
Татьяна Валовая: «Біздің елдеріміз үшін ЕАЭО кеңістігінде криптовалюталарды реттеуге арналған құқықтық базаны қалыптастырудың келісілген тәсілдемелерін қамтамасыз ету маңызды»

Татьяна Валовая: «Біздің елдеріміз үшін ЕАЭО кеңістігінде криптовалюталарды реттеуге арналған құқықтық базаны қалыптастырудың келісілген тәсілдемелерін қамтамасыз ету маңызды»

21.06.2018

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валоваяның ойынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері криптовалюталар мен блокчейн саласындағы заңнаманы бірлесіп дамытуы керек. Бұл туралы ол Беларусь Республикасының Жоғары технологиялар саябағының бизнес-инкубаторында сарапшылармен болған кездесуде мәлімдеді.

Одақ елдеріндегі криптовалюталар мен блокчейн проблематикасына арналған іс-шара, осы мәселелерді бейіндік ведомстволардың қатысуымен сарапшылар ортасында талқылау үшін ЕЭК түрткі болған осындай пікірталастардың циклында кезекті іс-шараға айналды. Криптовалюталар және блокчейн, ЕАЭО макроэкономикалық тұрақтылығы тұрғысынан регуляторлық сын-тегеуріндер болып бағаланды.

Семинарға қатысушылар криптовалюталар мен блокчейн технологиясын реттеу мәселесінде мүше мемлекеттердің тәсілдемелерін жақындастыру мүмкіндігін, Одақтың шеңберінде үйлестірілген заңнаманы қалыптастыру үшін жағдай жасауды және Комиссияның осы үдерістегі рөлін қарады.

Татьяна Валовая айтып өткендей, «ЕАЭО-ны келешекте дамыту және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарайтын болсақ, цифрлық экономикаға цифрлық ақшаның қызмет ететінін қазірдің өзінде ескеріп, оған дайын болуымыз керек. Елдеріміздің өкілдерінің ортақ пікіріне сүйенсек, криптовалюталар мен блокчейн саласындағы негізгі терминдер жөнінде ортақ түсінікке келу қажет. Соның арқасында, келешекте мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы өзгергеннің өзінде де, ЕАЭО шеңберіндегі тәсілдемелерді үйлестіруге мүмкіндік берілетін болады».

Бүгінгі таңда, Беларусь елінде криптовалюталар айналымын реттеуге және блокчейн-технологияларды қолдануға арналған нормативтік-құқықтық база белсенді түрде әзірленіп жатыр, деп айтты Беларусь Республикасы Президентінің № 8 «Цифрлық экономиканы дамыту туралы» Декретінің авторларының бірі, Цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Денис Алейников. «ЖТС-да № 8 Декретті дамыту тобы құрылып, оның шеңберінде сарапшылар криптовалюталарға арналған регуляторлық стандарттарды белсенді түрде енгізетін елдердегі жағдайға мониторинг жүргізеді. Атап айтсақ, біз осы мемлекеттердің регуляторлары тап болатын проблемаларды, тұтынушылар мен инвесторлардың қалай ден қоятынын, ақпараттық жүйелерге қандай талаптардың қойылатынын байқаймыз», – деп жеткізді Денис Алейников.

Ресейдің криптовалюталар және блокчейн қауымдастығының (РКЖБҚ) директоры Ресей Федерациясының бастамалары туралы хабарлап, қазіргі таңда РФ Мемлекеттік думасында қаралып жатқан нормативтік актілердің жобаларының күшті және әлсіз тұстарын көрсетті.

РФ жанындағы РХШжМҚА Ресей – ЭЫДҰ орталығының өкілдері Иван Ермохин және Мария Гирич жетекші елдерде криптовалюталарды реттеудің халықаралық тәжірибесін талдау нәтижелерін көрсетті, осы саладағы халықаралық ұйымдардың тәсілдемелері туралы хабарлады және ЕЭК мен ЕАЭО үшін бірнеше бастама ұсынды.

Семинарға қатысушылар криптовалюталар мен блокчейн саласындағы бірыңғай глоссарий жобасына қатысты ұсыныстарды, сондай-ақ ЕЭК-ның осы бағыттағы қызметіне арналған ұсынымдарды дайындап қойды.