Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның 24-отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияның 24-отырысы болып өтті

21.08.2013

20 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті отырысында сауда, экономика және қаржы саясаты саласындағы шешімдер қабылданды. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы бұрғылау тереңдігі 200 м кем емес бұрғылау машиналарына уақытша Кеден одағы Біртұтас кедендік тарифінің кедендік әкелім баждарының аралас мөлшерлемесін белгілеу жөнінде шешім қабылдады. Сөйтіп, 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2014 жылдың 25 шілдесіне дейін кедендік құнның 3,5% көлемі шегінде, бірақ 1 кг үшін 1,3 евродан кем емес мөлшерлеме, ал 2014 жылдың 26 шілдесінен 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін – кедендік құнның 2% көлемінде, бірақ 1 кг үшін 0,7 евродан кем емес мөлшерлеме қолданылады етеді. Осы шешім 2013 жылдың 2-қыркүйегінен бастап күшіне енеді. 

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2014 жылдың 31 тамызына дейін қол сағаттарының кейбір түрлеріне Кеден одағы Біртұтас кедендік тарифінің кедендік әкелім баждарына кедендік құнның 10% көлемінде, бірақ 1 данасы үшін 4 евродан кем емес мөлшерлеме белгілеуге шешім қабылдады. Шешім электр арқылы әрекетке келтірілетін, механикалық индикациясы бар қол сағаттарға, сондай-ақ автоматты жүргізетін тетігі жоқ механикалық қол сағаттарға таралады.

  

«Біз Кеден одағы елдерінің сағатшыларын шет жақтардан келетін төмен сапалы, өте арзан импорттық сағаттар тарабынан әділетсіз бәсекеден қорғау және бөлшек саудадағы контрабандамен айтарлықтай тиімді күресуге жағдай жасау үшін қол сағаттарына аралас бажды бекітуді шештік. Егер минималдық кедендік баж 4 евроны құраса, онда сол 4-5 евро тұратын сағаттарға бөлшек баға бақылайтын органдарды ойландыруы керек, - деп түсіндірді ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнев. – Бұдан басқа, осындай шара қолданыстағы ресейлік және Беларусь сағат өнімдерін дамыту мен жаңасын жасау үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де тартымды жағдайларды жасайды».

 

Кедендік баж мөлшерлемесінің осы өлшемдері Ресейдің БСҰ қосылу бойынша міндеттемелеріне қайшы келмейді. 

Шешім ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. 

ЕЭК кедендік әкелім баждарын (барабар күші бар өзге баждар, салық пен жинақтарды) есептеу мен бөлу саласында бақылау функцияларын жүзеге асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2010 жылдың 20 мамырындағы кедендік әкелім баждары және өзге де баждарды есептеу мен бөлу тәртібін Кеден одағында белгілеу мен қабылдау туралы келісімге сәйкес бірқатар шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының уәкілетті органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Еуразиялық экономикалық комиссияға ай сайын, есеп айынан кейінгі келесі айдың соңғы жұмыс күнінен кеш емес мерзімде КО және БЭК мүше мемлекеттердің ұлттық валютасындағы сома үшін АҚШ долларындағы ақша құралын сату (сатып алу) көлемі туралы есеп беруге міндетті. КО және БЭК мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары 2011 жылдың 19-қазанындағы кедендік әкелім баждарын төлеуге байланысты ақпаратпен алмасу тәртібі туралы Хаттамаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпараттың осы түрінің аталған Хаттамада белгіленген тәртіп пен мерзімде ұсынылуын қамтамасыз етулері керек. Осы шешім оны ресми түрде жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. 

Бұл жерде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылдың 20-қыркүйегіндегі «Кеден одағында кедендік әкелім баждарын (барабар күші бар өзге баждар, салық пен жинақтарды) есептеу мен бөлу тәртібін белгілеу мен қабылдау туралы Келісімді іске асыру бойынша Кеден одағы Комиссиясының бақылаушы функцияларын қамтамасыз ету туралы» № 439 шешімі күшін жоғалтқан деп танылады.

 

Анықтамалық ақпарат.

 

2010 жылдың 20 мамырындағы Кеден одағында Кедендік әкелім баждарын (барабар күші бар өзге баждар, салық пен жинақтарды) есептеу мен бөлу тәртібін белгілеу мен қабылдау туралы Келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия оны орындауды бақылауға алуды жүзеге асырады және ЕЭК Жоғарғы кеңесіне үкімет басшыларының деңгейінде Келісімді орындау туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Жыл сайынғы есепті дайындау мен бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін Тараптардың кедендік органдарының кедендік әкелім баждарының төленуіне байланысты, сонымен қатар Тараптардың ұлттық (орталық) банктарының банктар жүзеге асырған ұлттық валютаны сату көлемі туралы ақпараттары қажет.