Жүйеге кіру
ЕЭО елдерінің экономикасының тұрақтылығын жоғарылатуға және сыртқы нарықта Одақтың көзқарастарын нығайтуға бағытталған ЕЭК Кеңесінің шешімдері

 ЕЭО елдерінің экономикасының тұрақтылығын жоғарылатуға және сыртқы нарықта Одақтың көзқарастарын нығайтуға бағытталған ЕЭК Кеңесінің шешімдері

21.08.2015

21 тамызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараға ЕЭК Кеңесінің мүшелері: Армения Республикасының Вице-Премьер-министрі, Экономикалық интеграциялану және реформалар Министрі Ваче Габриелян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-министрі Валерий Диль, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа Мүшелері (Министрлері) қатысты.

ЕЭК Кеңесі макроэкономика, сауда-саттық, экономика және қаржы саясаты, техникалық реттеу, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы бірқатар маңызды мәселелерді қарады.

Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі үшінші елдермен өзара әрекеттестік мәселелеріне ерекше назар аударып отыр. Отырыста Израиль Мемлекетімен ынтымақтастықты одан әрі өрбіту, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО) Еркін сауда аймағы туралы Келісім бойынша келіссөздерге (ЕСА) шығу мүмкіндіктері қарастырылды. ЕЭК Кеңесі Корея Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы, сондай-ақ Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы, соның ішінде келешекте ЕСА құрудың орындылығын зерделеу жөніндегі зерттеу комиссиясын құру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесі Вьетнаммен ЕЭО арасында еркін сауда аймағын құру туралы Келісімді имплементациялау жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітті.

Отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелерді қабылдау және ЕЭО мүшелікті доғару Тәртібі туралы мәселе қаралды. Құжат Одақтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіруге бағытталып отыр. Мәселе Еуразиялық экономикалық Жоғарғы Кеңестің отырысында көтеріледі.

Отырыстың қатысушылары қаржылық тұрақтылықты және ЕЭО экономикалық өсімін қамтамасыз етуге деген, Одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономика және валюталық-қаржылық саясаты салаларындағы ынтымақтастықтарын тереңдету сияқты көзқарастарды егжей-тегжейлі талқылады. Жақын арадағы уақытта ЕЭО мүше мемлекеттердің экономика және қаржы министрліктері, орталық (ұлттық) банктерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясының басшыларының қатысуымен осы тақырыпта мәжіліс өткізіледі.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ теліміндегіі санитарлық-карантиндік және карантиндік фитосанитарлық (қадағалау) бақылау доғарылды.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің мазмұндары және типтік құрылымдары бойынша Ұсыныстарды бекітті. Құжатта Одақтың техрегламентінің тізбесі мен сол бөлімдердің мазмұндары бойынша  ұсыныстар келтірілді, нақты өнім түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, әзірлеушілер басшылыққа алатын мазмұндаудың түрлі амалдары ұсынылды.

ЕЭК Кеңесінің отырысында Зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықтардың сарқылу қағидаттарын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі Комиссияның төңірегіндегі Жұмыс тобына осы жылдың 31 желтоқсанына дейін айрықша құқықтың сарқыла қолданудың халықаралық қағидатын қолдануға қатысты тауарлардың жекелеген түрлерін іріктеудің критерийлерін «қосарлап» импорттауды ықтималды енгізудің мүмкіндігі бойынша шешімдер қабылдау механизмін әзірлеуді тапсыру, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) туралы Шартқа енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындау, сондай-ақ «қосарлы» импорттауды енгізу туралы шешімдер қабылдаудың деңгейін анықтауға тапсырма беруге шешім қабылданды.

Өзгерістер тауар белгісіне, Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген тауарларға қатысты тауар белгісінің айрықша құқығының сарқылуы аймақтық қағидатынан шегерімдер жасауды белгілеу мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл дегеніміз, жекелеген тауар түрлерінің «қосарлы» импортталуы (яғни кез-келген тауарларды құқық иеленушілерінің тарапынан рұқсаттар алмастан әкелу) мүмкіндігін білдіреді.

Өзгерістерді ЕЭО туралы Шарттың қосымшасы болып табылатын «Зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау және сақтау туралы Хаттамаға» енгізу қажет болады. Халықаралық шарттарды дайындаудың және оларға өзгерістер енгізудің рәсімі ресми етілген және де олардың жобаларын Комиссия Алқасында, Комиссия Кеңесінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттерде стандарттық мемлекетішілік рәсімдерді қарауды көздейді.

Жұмыс тобы осы жылдың 31 желтоқсанына дейін айрықша құқықтың сарқылуы халықаралық қағидатын қолдануға қатысты тауарлардың жекелеген түрлерін іріктеудің критерийлерін «қосарлап» импорттауды ықтималды енгізудің мүмкіндігі бойынша шешімдер қабылдау механизмін әзірлеуге тиіс болады. Халықаралық құқықтың сарқылу қағидатына сәйкес нарықта бірінші кезектегі тауарлар тобы бойынша және олардың айналым кезеңі бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жұмыстарының нәтижесін Жұмыс тобының мүшелері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында ұсынады.


Қазіргі уақытта ЕЭО туралы Шартымен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тауарларға қатысты қолдануды көздейтін тауар белгісіне тек қана Одақтың аумағында айналымға түсетін сондай тауарларға қатысты қолданылатындай құқық иеленушімен немесе басқа да тұлғалармен тікелей өздерінің келісімімен айрықша құқықтың сарқылуының аймақтық қағидаты бекітіліп отыр.

Халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадан басымдығы артық болатындығын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттерде Одақ туралы Шартпен бекітілген, тіпті жекелеген салаларда «пилоттық» жоба ретінде бекітілген өзге де құқықтардың сарқылу қағидатын өз аумақтарында орнатуға және қолдануға заңдық мүмкіндік жоқ.

Анықтама:

Зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықтардың сарқылу қағидаттарын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі Комиссияның жанындағы Жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №45 шешімімен құрылған.

Одаққа мемлекеттердің үкіметтерінің ұсыныстарының негізінде қалыптастырылған ЖТ құрамына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының лауазымды тұлғалары, бизнестің маңызды бағыттарын ұсынатын сарапшылар, сондай-ақ Комиссияның қызметкерлері кіреді.

Қазіргі сәтте Жұмыс Тобының 3 отырысы өткізілді солардың барысында құқықтың сарқылу қағидатын таңдаумен байланысты заңдық, экономикалық және әлеуметтік аспектілері талқыланды.

Жұмыс тобы құқықтың сарқылу қағидатын одан әрі қолданудың мынадай амалдарын пысықтады:

- аймақтық құқық сарқылу қағидатының сақталуы және Одақтың құқығына жекелеген тауар санаттары үшін тыйымдар белгілеу мүмкіндігі енгізілді;

- аймақтық құқық сарқылу қағидатын өзгеріссіз сақтау;

- халықаралық аймақтық құқық сарқылу қағидатының өзгертілуі;

- аймақтық құқық сарқылу қағидатының өзгертілуін халықаралық аймақтық құқық сарқылу қағидатының өзгертілуі қағидатына алмастыру.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) тұрақты әрекет ететін ұлттықтан жоғары тұрған реттеуші орган, өз жұмысын 2012 жылдың 2 ақпанынан бастады. Қазіргі уақытта ЕЭК құрамына бес елдің, яғни Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері кіріп отыр. Комиссияның шешімдері ЕЭО мүше мемлекеттердің аумағында орындауға міндетті болып табылып отыр.

2014 жылдың 29 мамыры күні КО және БЭК қатысушы елдерінің арасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы Шартқа қол қойылды. Одақтың шеңберінде тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың қозғалысының еркіндігі, түрлі салаларда үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясатты жүргізу қамтамасыз етіледі. ЕЭО мақсаты – халқының тіршілік деңгейін жоғарылату мүдделерімен экономикаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар туғызу, жанжақты модернизациялау, кооперациялану әрі жаһандық экономика жағдайларында ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату.

БАҚ үшін байланыс:

ЕЭК баспасөз қызметінің бөлім бастығы

ЕЭК баспасөз қызметінің бөлім бастығының орынбасарыВалерий Иванович Петров Марина Викторовна Шкурлатова

+7 (495) 669-24-64, доб. 41-17 +7 (495) 669-24-00 доб. 41-55

petrov@eecommission.org shkurlatova@eecommission.org www.eurasiancommission.org