Жүйеге кіру
ЕЭК бизнесті Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылауға белсендірек қатысуға шақырды

ЕЭК бизнесті Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылауға белсендірек қатысуға шақырды

Depositphotos_179349798_s-2015.jpg
21.09.2018
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімдерінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері бизнес-қоғамдастықтарының 65%-дан астам ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Бұл туралы ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов 19 қыркүйекте Ереванда Армения Республикасының бизнес-қоғамдастығымен кездесуде мәлімдеді.

ЕЭК министрі Арменияның аса ірі бизнес-қауымдастықтары мен кәсіпкерлерінің өкілдеріне ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) рәсімін енгізудің ойдағыдай тәжірибесі туралы айтып, Арменияның іскер қоғамдастығы мен сарапшыларына Одақ сайтында Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылауға неғұрлым белсендірек қатысуды ұсынды.

«Практика көрсетіп отырғандай, реттеуші әсерді бағалау рәсімін бизнес қабылдады, орта есеппен біз бір жобаға қатысты 24 пікір аламыз»,- деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Ол Одақ елдерінің бизнесімен тікелей диалог форматы Комиссияға жедел кері байланыста болуға және іскер топтардың ұсыныстарын ескере отырып, интеграциялық қызметті түзетуге мүмкіндік береді, деп өз сөзін толықтырды. 

Кездесу барысында Комиссия өкілдері армян кәсіпкерлерінің Армения мен Ресей арасындағы тауарлар өткізу кезінде кедендік транзитті ресімдеуге, сондай-ақ өзара сауда бойынша экспорттық операцияларды жасау кезінде ҚҚС қайтаруды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.

ЕЭК өкілдері сондай-ақ ЕЭК-тің армян тауарларының Одақтың басқа мемлекеттерінің нарықтарына қол жеткізуіндегі кедергілерді анықтау және техникалық реттеу саласындағы тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулерді жою, ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану, зергерлік бұйымдар айналысы жөніндегі жұмысы туралы хабарлады.

Арменияның бизнес-қоғамдастығына қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының артықшылықтары және Одақтың басқа елдерінің нарықтарына қол жеткізудің оңайлатылған тәртібі туралы айтылды. Айталық, мысалы, ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпкерлеріне заңды тұлға ретінде қосымша тіркеу талап етілмейді, олардың қызметтер көрсетуді трансшекаралық немесе филиал ашпай-ақ қызметтер көрсетуді жеткізушінің персоналы есебінен жеткізу мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, Одақтың барлық елдерінде бірыңғай нарыққа кіретін қызметтер көрсету секторларында рұқсат беретін құжаттар мен персоналдың біліктілігі танылады.