Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Михаил Мясникович Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

000021_C963DD87AFAB4EC643258507006546D6_220126.jpg
21.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Армения тарихындағы бұл маңызды мемлекеттік белес - құқықтық, шын мәнінде еркін армян қоғамын құрудағы Сіздің көрнекті рөліңіз туралы ғана айтып қоймай, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақты дамытудағы үлкен жеке үлесіңіз жайында сөз етудің де орайлы сәті», - делінген құттықтау хатында.

ЕЭК Алқасының Төрағасы алдағы сындарлы экономикалық ынтымақтастық Армения Республикасының және ЕАЭО-ның басқа да елдерінің мүдделеріне сай келетініне, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететініне сенімділік білдірді.

Михаил Мясникович Никол Пашинянға мықты денсаулық, игі саламаттық, мемлекеттік және халықаралық қызметінде одан әрі табысқа жетуді, Армения Республикасына бейбітшілік пен өркендеуді тіледі.