Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының қорытындысы: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Одақ мемлекеттердің өндірушілерін қолдау және СЭҚ қатысушыларды сәйкестендіру бірыңғай жүйесін құру туралы шешімдер қабылданды

ЕЭК Алқасының қорытындысы: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Одақ мемлекеттердің өндірушілерін қолдау және СЭҚ қатысушыларды сәйкестендіру бірыңғай жүйесін құру туралы шешімдер қабылданды

21.11.2017

Онлайн-сауда барысында тұтынушыларды қорғау бойынша кеңестер 21 қарашада ЕЭК Алқасымен қабылданды. Бұдан басқа, «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке тиісті түзетулердің әрекет етуінің басталуын айқындайтын өтпелі ережелері белгіленген.

ЕЭК Алқасы магнетрондар бойынша кедендік әкелу бажын уақытша нөлдеуді мақұлдады және мемлекетішілік келісуге қатысты Одақ мемлекеттерінде «ЕАЭО шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларды сәйкестендіру бірыңғай жүйесі туралы» Келісімді жіберу туралы өкім етті.

ЕЭК Алқасы жұмыс жиілігі кемінде 2,44 ГГц, алайда 2,47 ГГц артық емес және шығу қуаты кемінде 600 Вт, алайда 1 кВт артық емес магнетрондарды Еуразия экономикалық одақ СЭҚ ТН жеке подсубпозицияға (код 8540 71 000 1 ЕАЭО СЭҚ ТН) атап көрсетуге, сонымен қатар ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифтің ЕАЭО кедендік әкелу бажының (ЕАЭО БКТ) мөлшерлемесін 2019 жылғы 31 желтоқсанды қосқанға дейінгі мерзім ішінде 8-ден бастап 0 %- ға дейін кемітуді шешті.

Жеке подсубпозияға белгіленген магнетрондар – сантиметрлік диапазонда электр магниттік толқындар генераторлары шағын толқынды пештерді өндіру үшін жинақтауыштар ретінде қолданылады. 2016 жылы ЕАЭО-на аталған бұйымдардың 1,1 млн. дн. 7,5 млн. АҚШ долл. сомасында импортталды.

ЕЭК шешімі Одақ мемлекеттерінде шағын толқынды пештердің және басқа тұрмыстық техниканың өндірісінің артуына ықпал тигізеді.

ЕЭК Алқасы онлайн-сауда барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында жалпы тәсілдерді мақұлдады. Кеңестер түрінде жетілдірілген құжат тұтынушыларға тауарлар туралы барлық қажетті және сенімді ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл оларға интернет арқылы сауда жасау кезінде дұрыс таңдауды жасау және өзінің шығындарын дұрыс есептеу үшін көмектеседі. ЕЭК техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) атап кеткендей, одақтың мемекеттерге қатысты онлайн-дүкендер бойынша талаптар тізімі нақты қалыптасқан.

Онлайн-сатушылар өздерінің сайттарында ұсынылатын тауарлар және қызметтер, тұтынушылар ерекшеліктері және техникалық сипаттамалары, тауарды сатып алу бағасы және шарттары, кепілдік мерзім, қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі туралы кең ауқымды, толық ақпаратты енгізу керек.

Мәміленің шарттары, мерзімі және ықтимал бұзу тәртібі туралы ақпаратты алу тәртібі бекітілген. Атап айтқанда, тұтынушылар «егер атқарылған жұмыста (қызмет) кемшіліктер бекітілген мерзім ішінде атқарушымен жойылмауы немесе егер осы келісімшарттың шарттарына тиісті жұмыс (қызмет) шегіністері не болмаса жұмыстың (қызмет) басқа кемшіліктері елеулі және жойылмайтын болып табылса, шартты бұзу және залалдарды өтеуді талап ету» құқығы туралы алдын ала ақпарат алуға тиіс.

ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында әрбір мүше мемлекеттердің аумағында Одақ мемлекеттерінің азаматтарының тұтынушы құқықтарын тең деңгейде қамтамасыз ететін ережелерді қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ даулар мен тұтынушымен шарттарды ресімдеу шарттарына және тәртібіне қатысты талаптарды орнату, шарттарда көрсетілген мәтін шрифт мөлшерін және ақпаратты алшақтан реттеу мүмкіндігі қарастырылады.

Бұдан басқа, ЕАЭО елдері сатып алушыға өнім (жұмыс, қызмет) туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етпегендігі үшін сатушы сатып алушы алдындағы жауапкершілікті айқындайды.

ЕЭК Алқасы 2018 жылғы 25 қыркүйекте күшіне енетін «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерге өзгерістер енгізудің өтпелі ережелерін бекітті.

Өзгерістер күшіне енген күнге дейін шығарылған балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сәйкестігін бағалау жөніндегі құжаттар олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады деп көзделеді. Олардың ішінде одақ нарығында мұндай тауарларды өндіруге және шығаруға болады. Кәсіпкерлер оларды белгіленген мерзімде сату мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, ЕЭК Алқасының шешімімен өтпелі кезең – 12 ай белгіленген, соның ішінде кәдімгі және электрлік тіс щеткаларын, қызыл иекке арналған массажерлерін және үш жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге арналған басқа да ұқсас өнімдерді сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз айналымда өндіру және шығару рұқсат етіледі, Одақтың техникалық регламенттерімен сәйкестікті бағалау туралы нысан анықталмаған және өзгерістер шеңберінде белгіленеді.

Еске сала кетейік, ЕЭК Кеңесі биылғы жылдың сәуір айында «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер енгізді. Түзетулер, атап айтқанда, бірнеше жас топтары үшін қолданылуы мүмкін «үлгілік үлгісі» терминін түсіндіреді. Бұрын, стандартты үлгілер әр жас топ үшін жасалуы керек еді, тіпті киім немесе аяқ киім сол өндірушілердің сол техникалық құжаттарға сәйкес сол материалдардан жасалу қажет болатын. Бұл сәйкестікті бағалау рәсімін жүргізу кезінде шығындарды едәуір азайтады.

Бұдан басқа, екінші және үшінші қабаттары бойынша (бірінші қабатқа ішкі киім, екінші қабатқа - пайдаланушының терісімен шектеулі әсерлесетін, мысалы, көйлектер, белдемшелер, шалбар және басқалары, үшінші қабатқа сыртқы киім және  астары бар костюмдер жатады) балалар мен жасөспірімдерге арналған киім айырмашылығы анықталған. Бұл ретте екінші қабатты киімге үшінші қабатты киімге қарағанда айтарлықтай қатаң талаптар бекітілген. Өзгерістер өз күшіне ене салысымен балалар костюмдері және мектеп формасы өнімнің сыртқы ауданынан тек астары кемінде 40% болған кезінде үшінші қабатты киімге жатады.

Бұдан басқа, өзгерістер балалар аяқ-киімінің жеке элементтерін өндіруде заманауи жасанды материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл және басқа да бірқатар жаңартпалар балалар өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қанағаттандыру кезінде өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ЕЭК пен Консультативтік кеңес арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Комиссия атынан оған ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (министр) Валерий Корешков қол қояды.

Құжат ЕАЭО және ТМД елдерінің тұтынушыларының құқықтарын абайсыз кәсіпкерлерден қорғау үшін келісілген саясатты тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Одақ пен Ынтымақтастық мемлекеттерінің тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға тараптар осы саладағы ақпараттық, ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік көмек беру туралы келісті.

Меморандумның негізгі мақсаты - 2015 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарар негізіне сәйкес ЕАЭО және ТМД шеңберінде тұрақты және ұзақ мерзімді негізде өркениетті тұтыну нарығын құру болып табылады.

ЕЭК Алқасының бұйрығымен «Еуразия экономикалық одақ шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін бірегей сәйкестендіру жүйесі туралы» Келісім Одақ елдеріне мемлекетішілік келісу (МІК) үшін жіберілді.

Құжат Одақ шеңберінде Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сәйкестендірудің бірыңғай жүйесінің (КОСБЖ) жұмыс істеу тәртібін анықтайды, сондай-ақ СЭҚ қатысушысы туралы жүйеде деректер жинағы сақталады.

ЕАЭО мемлекеттерінің бірінің аумағында жұмыс істейтін СЭҚ-тың әрбір қатысушысына қайталанбас сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ол туралы деректер салық төлеушілердің ұлттық есепке алу жүйесінде сақталады.

Осы мәліметтер негізінде ұлттық тізілім бойынша  ЕЭК қайталанбас сәйкестендіру нөмірлерінен тұратын бірыңғай еуразия тізілімін қалыптастырады. Бұл кеден қызметтерінің өзара әрекеттестігін жеңілдетеді және СЭҚ қатысушылар қызметінің онлайн-тарихын қалыптастырады.

Бірегей нөмірлердің жалпы тізілімінде қамтылатын мәліметтер тізбесіне заңды тұлғаның (ұйым) толық атауы немесе СЭҚ-тың қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, СЭҚ-тың қатысушысының іскерлік қызметі туралы ақпарат – әрекет ететін, әрекет етпейтін, жойылған және т.б., салық органында тіркеу күні, осы сәйкестендіру нөмірін тағайындаған ЕАЭО-ның мүше мемлекеттің уәкілетті органының толық атауы және т.б. туралы деректер кіреді.

КОСБЖ-да барлық деректерді жинау, сақтау және өңдеу электрондық түрде жүзеге асырылады. Бұл ЕАЭО елдерінің кеден қызметтерінің өзара әрекеттестігін айтарлықтай жеңілдетеді.

Қазіргі уақытта ЕАЭО мемлекеттері жеке және заңды тұлғаларды тіркеу және сәйкестендірудің әр түрлі жүйелерін пайдаланады. Арменияда – бұл СТЕШН (салық төлеушінің есеп шот нөмірі), Беларусьте - бұл ТЕШН (төлеушінің есеп шот нөмірі), Қазақстанда - СН/БСН (сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі), Қырғызстанда - СТН (сәйкестендіру нөмірі) және КҰЖРК (кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық коды), Ресейде - СТН (салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі).

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінде сәйкестендіру нөмірлерін берудің әртүрлі ережелері қолданылады, нөмірлер әр түрлі өлшемдерге ие, яғни нөмірдегі сандардың саны. Одақтың әр түрлі елдерінде сыртқы экономикалық қызметтің бірдей субъектісі әр түрлі сәйкестендіру нөмірлерімен тіркелуі мүмкін.

КОСБЖ тауарларды кедендік шекара арқылы өткізудің сауда рәсімдерін біршама жеңілдетумен байланысты кедендік бақылаудың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы Одақ мемлекеттер заңнамасының мониторингін жүргізу және салыстырмалы-құқықтық талдау туралы ережені бекітті.

Комиссия ЕАЭО елдерінің барлық нормативтік құқықтық актілері туралы ақпаратты жинайды, оған сәйкес мемлекеттік өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. EЭК бұл әрекеттерді қауымдастық қатысушыларының қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес талдайды және мемлекеттік қолдау шаралары мен ДСҰ шеңберінде үшінші елдердің осындай шараларды саралану және білу нәтижелерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық реттеудің ынталандыру бағасын береді.

Бұдан басқа, Комиссия Ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты мәселелер, соның ішінде осы саладағы ДСҰ заңнамасын дамыту мәселелері бойынша Одақ мемлекеттерінің бірлескен кеңестерін жүргізуге ықпал етеді.
Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері ауыл шаруашылықта мемлекеттік қолдау саласында аграрлық-өнеркәсіптік саясат сараптамаларын дайындау кезінде пайдаланылатын болады.