Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Біз технологиялық серпіліс үшін мүмкіндік жасаудамыз»

Тигран Саркисян: «Біз технологиялық серпіліс үшін мүмкіндік жасаудамыз»

24.10.2018
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге бірлескен цифрлық саясатты экономикада пайдаланудан ең жоғары нәтижеге жету үшін оны қадамдастырған аса маңызды. Ереванда (Армения) өткен «Еуразиялық апта» форумына қатысушылар Одақ өнеркәсібінің дамуындағы сапалық көтерілуге қарай барар жолда интеграция артықшылы қты болуға тиіс деп деп санайды.
«Еуразиялық апта» халықаралық форумының екінші күні шеңберінде «Технологиялық серпіліс және ЕАЭО елдерінің әлеуеттік мүмкіндіктері» жалпы отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) және Армения Республикасы Үкіметінің қолдауымен «Еуразиялық әріптестіктің халықаралық форумы» қоғамдық ұйымы мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі ұйымдастырған іс-шара форумдағы орталық іс-шаралардың бірі болды, өйткені бүкіл Одақ үшін стратегиялық бағдар экономиканың инновациялық секторы ұсынатын мүмкіндіктерді барынша көп пайдалану болып қала береді.
Бүгінгі таңда жаңа серпілісті технологиялар ЕАЭО экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қолдаудың аса күшті факторы болып табылады, осыған байланысты билік пен бизнес Одақ кеңістігінде дербес пайдалану үшін де, сол сияқты оларды әлемдік нарықтарда ілгерілету үшін де жоғары технологиялық тауарларды және қызметтер көрсетуді әзірлеу мен құру мәселелерін тығыз бірлікте шешуге тиіс. Отырыстың орталық проблемасы бизнестің кооперациялық әлеуеті және ЕАЭО-ның жоғары технологиялық салаларында импорт алмастыруды қолдау болды.
Еуразиялық экономикалық одақта экспортқа бағдарланған Еуразиялық брендтерді әзірлеу және цифрлық күн тәртібін іске асыру Одақ елдерінің технологиялық серпілісінің негізі болады. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян осындай пікір білдірді. Ол технологиялық серпіліс пен бұл саладағы бәсекелестік – осы арқылы Одақ елдері экономикаларын жаңғыртуды ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамды қайта өзгертуді жүзеге асыруға болатын нақ сол бағыт деп атап өтті. «Цифрландыру, «Индустрия 4.0» тұжырымдамасы жай ғана экономиканы емес, біздің барлық өмір салтымызды өзгертеді. Осындай терең технологиялық қайта өзгертулермен бір мезгілде жаңа сын-қатерлер мен қоқан-лоққылар пайда болады, біздің ойымызша, бұларға бірлесіп жауап берген дұрыс, - деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы. - Өңірлік бірлестіктерді құру, бұл бір жағынан осы сын-қатерлерге жауап беру мүмкіндігі, екінші жағынан, бұл - бірігетін елдердің әлеуетін анықтау».
Өңірлендіру – әлемдік тренд. Бір өзіңнің шамаң келмейді. Технологиялық прогресс іс-қимылы аясындағы әлем тез өзгеруде. Ол аз бола түсуде. Тигран Саркисян осы ортадағы адамдардың өздерін қолайлы сезінуі үшін ЕАЭО елдерінің заңнамасын үндестіру және тиісті «жол картасын» әзірлеу қажеттігіне сенімді.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Одақ елдері бизнес-қоғамдастығын Мысырдағы Ресей өнеркәсіптік аймағы жобасына қатысуға шақырды. Ол ЕЭК Мысырмен еркін сауда аймағын (ЕСА) құру жөнінде келіссөздер жүргізуде деп толықтырды. Таяуда болған Мысыр президентімен кездесу шеңберінде ЕАЭО-Мысыр бизнес-форумын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. «Біз қазір кедендік тариф азайтылатын тауар топтары бойынша қызықты пікірсайыс жүргізудеміз. Бұл келіссөз процесінде біздің бизнестің Мысыр нарығына шығу мақсатында қандай бағыттарды өзі үшін басым деп айқындауын түсіну қажет», - деп хабарлады Тигран Саркисян.
Еуразиялық әріптестік үшінші халықаралық форумы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ЮНЕСКО-ның Ізгілік елшісі Ара Абрамянның пікірінше, бүгінде әлемде экономикалық даму жолында жинақталып қалған проблемалар аз емес, Еуразиялық кеңістік те бұдан сырт тұра алмайды. «Кез келген басқа бастамаларға қарағанда, экономика мен тұрақты саясат берік біріктіретініне сенімдімін. Бүгін біз ЕАЭО ішкі нарығының өсу серпінін көріп отырмыз және сонымен бірге әлеуеттің аяғына дейін пайдаланылмағанын түсінеміз. Оның үстіне әлеует қазіргі бардан әлдейқайда артық та. Нақ осыны түсіну ЕАЭО-ға кірмейтін бірқатар елдердің бизнес өкілдерін осы форумға алып келді», - деп санайды Ара Абрамян.
«Бәрінен бұрын  біз  ЕАЭО-да бизнесте жаңа технологиялық шешімдерді ендіру жолымен дамуға деген уәждеме пайда болатын және тұрақты жаңарып отыратын  жағдайлар жасауымыз керек. Екіншіден - күш-жігерді шоғырландыруымыз керек, бұл күрделі сектор әрі біршама қымбат, сол себепті біз шоғырландырусыз ең жоғары нәтижеге жете алмаймыз. Және үшіншіден – бұл әзірлемелердің Одақ ішіндегі таралымын көбейту және осының есебінен барлық нарыққа қатысушылар игілігі үшін жаңа өнімдерді пайдалану», - Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян осындай ұсыныспен сөз сөйледі.
Басқа мемлекеттермен еркін сауда аймағын құру – бұл өте маңызды аспект, деп атап көрсетті Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов. «Біз ЕАЭО шеңберінде Вьетнаммен келісімге, Иранмен уақытша келісімге қол қойдық. Бұл жерде Иранмен жалғыз құрлықтағы шекарасы бар Арменияның рөлін атап көрсеткім келеді, өйткені шекарада айрықша аймақ құру да - бұл келісімді ілгерілету кезіндегі өте маңызды аспектілердің бірі. Таяу уақытта Мысырмен келіссөздерге кірісеміз. Ресей Федерациясының бұл елмен уағдаластығын негізге ала келгенде, ЕАЭО мемлекеттерінің Мысырда жобаларды іске асыруға қатысуы өте маңызды болады деп бағамдаймын. Бұлар – Ресейдің өнеркәсіп аймағын құру және Одақ елдерімен бірлесіп Мысырда әртүрлі өндірістер құру. Қазір Израильмен, басқа да елдермен келіссөздер қолға алынады. Біз бірлескен күш-жігерімізбен өз өнімімізді шетелге ілгерілете аламыз деп үміттенемін», - деді РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары.
Қырғыз Республикасының экономика министрі Олег Панкратов өз сөзінде экономикалық қана емес, сонымен бірге гуманитарлық ынтымақтастық мәселесі де алда тұрғанын атап өтті. «Білім беру саласындағы өзара іс-қимыл мен интеграцияны күшейту қажеттігін атап өткім келеді, себебі білім беруге бүгінде гуманитарлық тұрғыда ғана емес, сондай-ақ экономиканы құраушы ретінде қарау керек. Жаңа технологияларды ілгерілетуде нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге дайын еңбек ресурстарының жоқтығы үлкен проблема болып табылады. Бірлескен жұмыс, тәжірибе, ақпарат алмасу, ортақ білім беру орталықтарын құру барлық елдерге жаңа технологиялар саласындағы жаһандық нарықта жедел қарқынмен өз орнын табуына мүмкіндік берген болар еді», - деп санайды Қырғыз Республикасының экономика министрі.
Ортақ нарықта табысқа жету үшін инновациялық дамуды қолдау құралдарының бүкіл арсеналын іске асыру керек, деп бағамдайды Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев. Перспективалық бағыттарда кооперацияны дамыту үшін бағыт беруші нысаналы бағдарламаларды қалыптастыра алатын ортақ даму институттары керек. «ЕЭК-ке нысаналы бағдарламалар қалыптастыру үшін айтарлықтай қаржы ресурстарын сеніп тапсыра алатын уақыт келді. Бұл жерде біз Еуропалық одақтың тәжірибесін пайдалана алған болар едік», - деп түйіндеді РФ Президентінің кеңесшісі.
АҚШ Президентінің киберқауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Джулиани Партнерс» басқармасының төрағасы, Нью-Йорктің экс-мэрі Рудольф Джулиани бизнес үшін цифрлық технологияларды дамытумен және халықаралық деңгейге шығумен байланысты артықшылықтар туралы ғана емес, сонымен бірге тәуекелдер туралы да еске салды. Олар – банктер мен компаниялардың ақшаларын ұрлау, маңызды корпоративтік ақпаратты жымқыру, электрондық жүйелерді бүлдіру.
«Барлық елдер кибертехнологияларды пайдалануға мүдделі, бірақ кибер-тәуекелдерден қорғануды да ойлау керек, себебі желідегі қылмыс саны екпіндей өсуде. Бұл ретте киберкеңістікті толық қауіпсіз етіп жасаудың әмбебап шешімі жоқ, бірақ елдер бірігіп қимылдайтын болса, онда жалғыз өзі істей алмайтын нәрсеге қол жеткізе алуы мүмкін. Егер қандай да бір ел киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа технологиясын ойлап тапса, оны басқалармен неге бөліспеске? Біз неғұрлым осал болып қалудан қорықпай, осы салада ынтымақтаса алатындығымызға мен сенімдімін», - деп атап көрсетті Рудольф Джулиани.