Жүйеге кіру
Департамент директоры Р. Ақбердин Гайдаров форумында: «Ықпалдасу процестерінде бизнес-қоғамдастықтардың рөлі өте маңызды»

Департамент директоры Р. Ақбердин Гайдаров форумында: «Ықпалдасу процестерінде бизнес-қоғамдастықтардың рөлі өте маңызды»

22.01.2013

18 қаңтар күні Мәскеу қаласында Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин «Ресей мен әлем: ықпалдасудың қырлары» Гайдаров форумының аясында өткізілген «Бизнес пен мемлекеттік өзара ықпалдасуы – жаңа мүмкіншіліктер және өркениетті лоббизм» дөңгелек үстеліне қатысты.

Р. Ақбердин Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі мен құрылымы туралы презентация ұсынып, соның барысында Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп айтып берді.

Р. Ақбердиннің айтуынша, Департаменттің қызметі Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағында кәсіпкерлік қызмет үшін жасалатын жағдайларды кемелдендіруге бағытталып отыр. «Біздің күш-жігеріміз қызметтер мен инвестициялардың, зияткерлік меншік пен еңбек ресурстарының тиімді ортақ нарықтарын құруға бағытталған. Біз, атап айтсақ, негізсіз әкімшілік кедергілерді жоюға, сондай-ақ ұлттықтан жоғары деңгейде реттеудің сапасы мен транспаренттігінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған ЕЭК актілерінің жобаларына ескертулеріміз бен ұсыныстарымызды дайындаудамыз», - деп түсіндірді Департамент директоры.

Р. Ақбердин сонымен қатар, КО мен БК қатысушы мемлекеттер аумағында кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтер саласында үйлесімді саясат қалыптастырылып, оның жүзеге асырылуындағы ЕЭК Алқасының жанынан құрылған Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің рөлі жайлы да әңгімелеп берді. «Консультативтік комитеттің қызметі инвестициялық қызмет пен қызмет көрсетулердің өзара сауда-саттығын қоса санағанда, бизнес-климатты жақсарту мен кәсіпкерлік қызмет салаларындағы шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою бойынша ЕЭК Алқасы мен Кеден одағы елдерінің уәкілетті органдарына ұсыныстар әзірлеу үшін бағытталатын болады», - деді Департамент директоры.

Өз сөзін қорытындылай келе, Р. Ақбердин Гайдаров форумына қатысушы кәсіпкерлерді Консультативтік комитеттің алаңында ынтымақтасу мақсатымен шақырды.