Жүйеге кіру
Бішкек қаласында ЕЭК делегациясының Қырғыз Республикасының мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесуі болды

Бішкек қаласында ЕЭК делегациясының Қырғыз Республикасының мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесуі болды

22.03.2013
18-19 наурыз күні Бішкек қаласында (Қырғызстан) ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Б.В. Хулхачиевтің басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссия сарапшыларының делегациясы Қырғыз Республикасының бірнеше министрліктер мен ведомстволарындағы, атап айтқанда, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Экономика және монополияға қарсы саясат министрлігінің, ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік Салық қызметінің, ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік Кеден қызметінің, ҚР Үкіметінің жанындағы Қаржы нарықтарын реттеу және оларды қадағалау Мемлекеттік қызметінің, ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік Қаржылық барлау қызметінің, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің басшыларымен және мамандарымен бірқатар кездесулері болып өтті.
Кездесулер барысында Кеден одағының келісім-құқықтық базасын құрап отырған халықаралық шарттарға, яғни жанама салық салу, әкелу кеден баждарын есепке алу және үлестіру, жеке тұлғалар валюта және валюта құндылықтарын тасымалдауы бөлігінде валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған табыстарды заңдастыруға қарсы әрекет ету, және де терроризмді қаржыландыру салаларындағы шарттарға қосылуға Қырғыз Республикасының даярлығы бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының осы аталған халықаралық шарттарға қосылуының техникалық және мерзімдік аспектілері бойынша кеңесулер өткізілді, сондай-ақ қырғыз Тарапының Кеден одағының келісім-құқықтық базасына қосылуы барысында туындауы ықтимал проблемалар талқыланды.