Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көктемгі сессиясына қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көктемгі сессиясына қатысты

19.04.2016

15-18 сәуір аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов бастап барған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) көктемгі сессиясына қатысты.

АҚШ бизнес-қауымдастығымен кездесуде Тимур Сүлейменов ЕЭК құзыреті саласында экономика мен қаржы саясаты бөлігінде бірқатар салалық мәселелерді түсіндірді, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы перспективалар туралы және Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) еңбекшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы әңгімелеп берді.

ЕЭК делегациясы бірқатар кездесулерге және секцияларға, атап айтқанда, 2016 жылғы Жаһандық инфрақұрылым жөніндегі форумға қатысты, онда халықаралық экономикалық даму мен қаржылық қызметке қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды. Атап айтқанда, дамушы елдердегі бәсекелестік саясаты мәселелері және нарықтарға тиімді жұмыста, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, оның төмендеуіне қарсы іс-қимыл идеясына көмек көрсету, жаһандық экономикадағы Қытайдың рөлі, экономиканы дамыту мақсатында қаржыландыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагардтың қатысуымен, Дүниежүзілік банк президенті Джим Ён Ким және БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун тең төрағасы болып табылатын, Көміртегі шығарындыларына баға белгілеу бойынша көшбасылар Коалициясының (The Carbon Pricing Leadership Coalition, СLCP) алғашқы ресми отырысының жұмысына қатысты.

Коалиция отырысында үкіметтік құрылымдар мен коммерциялық ұйымдар басшылары көміртегі шығарындыларына баға белгілеу саласында тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде көміртегі шығарындыларына баға белгілеу бойынша қолданыстағы бағдарламаларды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

20-дан астам ұлтүсті үкіметті және 90-нан астам бизнес-ұйымдарды біріктіретін осы жаһандық жоба Дүниежүзілік банктің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оның мақсаты көміртегі шығарындыларына баға белгілеуге қатысты экономикалық негіздемелерді тереңдету болып табылады. Ол көміртегі шығарындыларына баға белгілеудің тиімді жүйесіне және жаһандық ауқымда оларды пайдалануды кеңейтуге арналған, бұл елдердің бәсекеге қабілеттігін қолдауға, жұмыс орындарын ашуға, инновацияларды ынталандыруға және шығарындыларды елеулді түрде қысқартуға қол жеткізуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар 18 сәуірде іскерлік сапар шеңберінде ЕЭК делегациясы «Халықаралық салық жүйесін нығайту» атты салық форумына қатысты. Осы іс-шара шеңберінде ғылыми топ, бизнес-қауымдастық өкілдерімен, қаржы институттары мен ұйымдары өкілдерімен бірлескен ашық пікірталастар болып өтті.