Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ТМД және ЕАЭО елдерінен келген жас дипломаттарға еуразиялық интеграция туралы әңгімелеп берді

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ТМД және ЕАЭО елдерінен келген жас дипломаттарға еуразиялық интеграция туралы әңгімелеп берді

22.04.2016

21 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Хатшылығының басшысы  Асқар Кішкембаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) елдерінен - Армениядан, Беларусиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан және «Қоғамдық дипломаттың еуразиялық курсы» жобасына басқа да қатысушы мемлекеттерден келген жас дипломаттар алдында еуразиялық интеграция бойынша дәріс оқыды.

Кездесу барысында еуразиялық экономикалық интеграция және экономикалық ынтымақтастық тақырыбы талқыланды. Асқар Кішкембаев атап өткендей, жаһандану жағдайында пысықтаудың сапалы және терең деңгейі бар өңірлік интеграцияға арналған тренд едәуір күшейіп келеді.

ЕЭК өкілі жас дипломаттарға Еуразиялық экономикалық одақтың құзыреті мен негізгі институттары туралы, ЕАЭО жұмыс істеуі мен дамуы жағдайы, Комиссия жұмысының транспаренттілік қағидаты қалайша қамтамасыз етілетіндігі, еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстардың қалайша әзірленетіндігі туралы әңгімелеп берді.

Атап айтқанда, Асқар Кішкембаев 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕЭК-те нормативтік құжаттарды дайындау сатысында бизнес-қауымдастықтар үшін тәуекелдерді анықтау бойынша арнаулы рәсім жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл ЕЭК шешімдерін қабылдау жоспарланған күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын, барлық мүдделі тұлғалар үшін оларға түсіндірмелер мен ұсыныстар ұсыну мүмкіндігін бере отырып, оларды Одақтың ресми сайтында алдын ала жариялау  арқасында қамтамасыз етіледі.

Хатшылық басшысы атап өткендей, Комиссия шешімдерінің едәуір бөлігіне реттеуші әсерді бағалау  (РӘБ) рәсімі қолданылатынын атап өтті, бұл барынша таразыланған шешімдер әзірлеуге және бизнестің мүддесін ескеруге мүмкіндік береді. Ол тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің ЕАЭО аумағында еркін қозғалысы үшін кедергілерді жоюға да септігін тигізеді. «РӘБ енгізу бизнес-қауымдастықтың әрбір өкіліне ЕЭК Кеңесі мен Алқасы шешімдерінің жобаларын талқылауға қатысуына, олар бойынша сапалы кері байланыс ала отырып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын жолдауға мүмкіндік береді», – деп атап айтты Асқар Кішкембаев.

ЕЭК өкілі қаржы және көші-қон саясаты мәселелеріне ерекше назар аударды. Асқар Кішкембаев көші-қон саясаты мәселесінде елеулі прогреске қол жеткізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, ЕАЭО елдері болу елі аумағанда ЖТТС резиденттік мөлшерлемесін қолдану туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Яғни, мысалы, Ресей аумағында жұмыс істейтін Қазақстанның және ЕАЭО-ға кез келген басқа қатысушы елдің азаматтары үшін ЕАЭО құрғанға дейін болған 30% емес, 13% салық салу мөлшерлемесі қолданылады.

Комиссия қызметінің маңызды бағыттарының бірі ЕАЭО шеңберінде ортақ қаржы нарығын құру болып табылады,- деп хабарлады Комиссия өкілі. Ол үшін бірқатар ұзақ мерзімді ұсыныстарды іске асыру ұсынылады. Осы бағытта жасалған алғашқы қадамдардың бірі өткен жылдың соңында «Еуразиялық экономикалық одақтың бір мемлекетінің брокерлері мен дилерлеріне басқа мемлекеттердің биржаларына (сауданы ұйымдастырушыларға) қатысуға рұқсат беру туралы» келісімді ЕЭК Алқасының мақұлдауы болды. Бүгінде бұл құжат мемлекетішілік келісу рәсімдерінен өтуде, кейін ол Одақ елдерінде ратификациялануға тиіс. Келісімге мүше мемлекеттер 2016 жылдың соңында қол қоюы мүмкін деп күтілуде.

Асқар Кішкембаев ЕАЭО елдері 2025 жылға қарай қаржы нарығы саласындағы өз заңнамасын үндестіруді жүзеге асыруға ниетті екенін және қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлтүсті органның өкілеттіктері мен функциялары туралы шешім қабылдайтындығын да айтып өтті. Осы орган Қазақстанда құрылады деп көзделуде.

Анықтама

«Қоғамдық дипломаттың еуразиялық курсы» жобасын «Креативтік дипломатия» қоғамдық бастамаларын қолдау және дамыту орталығы ұйымдастырды.

21-23 сәуір аралығында Мәскеуде өтіп жатқан үшкүндік бағдарлама шеңберінде жас дипломаттар еуразиялық интеграция контексінде жария дипломатия тақырыбы бойынша жетекші мамандардың тренингтері мен шеберлік сыныптарына қатысады, еуразиялық интеграция саласында жұмыс істейтін халықаралық және ресейлік құрылымдардың мамандарымен кездеседі. Олар Еуразиялық экономикалық одақтың негіздері мен институттары туралы мағлұмат алады, ЕАЭО қызметін танымал ету және оны азаматтық қоғаммен таныстыру мақсатында қоғамдық дипломатия желісі бойынша осы білімді ілгерілетудің практикалық дағдыларын игереді.