Жүйеге кіру
ЕЭК-тің Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың «жол картасын» ізеуірттеді

ЕЭК-тің Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың «жол картасын» ізеуірттеді

22.06.2020

Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің 13-отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінің ортақ электр энергетикалық нарығын (ОЭН) қалыптастыру іс-шараларының «жол картасы» бекітілді. Онда ортақ нарықты құру жөніндегі жұмыстың аралық кезеңдері нақтыланған және ізеуірттелген. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шараларға байланысты сырттай режимде өткен іс-шара хаттамасына ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев қол қойды. Сөйтіп, 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жұмыс істей бастауға тиіс ЕАЭО-ның ОЭН-ын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

 

«Одақтың ОЭН-ның толық мәнінде іске қосылуы электр энергиясымен өзара сауда көлемін арттыруға әкелуі мүмкін, ЕАЭО елдерінің экономикасын нығайтуға алғышарттар жасайды», - деп атап өтті Эмиль Кайкиев.

 

«Жол картасының» жоғарғы деңгейінің архитектурасы бұрын пысықталып, бекітілді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжат ЕАЭО ОЭН-ның қызметін реттейтін актілерді (қағидаларды, регламенттерді) қабылдау мерзімін белгілейді. Сондай-ақ, сауда алаңдарын таңдау және нарықтың технологиялық негізін тестілеу сияқты бірқатар ұйымдастыру іс-шараларын орындау мерзімдері белгіленген.

 

ЕАЭО ОЭН-ын құру бойынша процестердің дәйектілігін барынша оңтайландыру үшін елдердің сарапшылары құжаттар жобаларын әзірлеу мен келісудің аралық кезеңдерін де айқындау қажет деп тапты. Ол үшін ЕЭК-пен бірлесіп «жол картасының» жобасы дайындалды, онда әрбір құжат бойынша Консультативтік комитеттің мақұлдауының, реттеушілік әсерді бағалау мен Одақ органдарының кезекпен талқылау жүргізуінің мерзімдері қамтылған. Барлық тарап осы «жол картасын» бекітуді қолдады. Бұл ретте Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитеттің ЕАЭО-ның ОЭН-ын қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің мүшелері актімен жұмыс үстінде құжатта бекітілген аралық жұмыс мерзімдерін басшылыққа алуға міндетті.

 

Күн тәртібінің мемлекетаралық қималардың (мемлекетаралық электр беру желілерінің) өткізу қабілетін айқындау және бөлу тәсілдемелеріне байланысты мәселесі бойынша тараптардың позициялары жақындай түсті. Өткізу қабілетін айқындау және тарату қағидаларының жобасын әзірлеуге сарапшылық деңгейде ілгерілеуге мүмкіндік беретін жақсарыс байқалды.​