Жүйеге кіру
Владимир Гошин: «Тек шекарадағы бақылаушы қызметтердің ынтымақтастығы ғана оны кесіп өту уақытын қысқартуға әкеле алады»

Владимир Гошин: «Тек шекарадағы бақылаушы қызметтердің ынтымақтастығы ғана оны кесіп өту уақытын қысқартуға әкеле алады»

22.08.2013

19-21 тамыз аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа мүшесі (министрі) Владимир Гошин 2013 жылы Финляндия Республикасына барып келді.

Сапар барысында Владимир Гошин Ресей - Финляндия шекараларының, атап айтқанда «Салла - Келлоселькя», «Люття - Вартиус» өткізу бекеттерінің жұмыстарымен танысты. Танысу аясында тексермелеу кешендерінің жұмыстарына, шекараны кесіп өту кезіндегі операцияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар шекарадағы кедендік органдар мен өзге ведомстволардың ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан басқа, Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқасының мүшесі (министрі) Финляндия Кеден қызметінің бас директоры Яркко Саксамен жұмыс кездесуін жүргізді. Кездесу барысында Кеден одағы мен Финляндия Республикасының кедендік саладағы ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар кедендік бақылауды жүзеге асыру мен «шекарадағы екі қызмет» тұжырымдамасын дамытудың заманауи тенденцияларына аса назар бөлді.

«Шекарадағы барлық бақылаушы органдар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту бүгінгі уақыттың шынайы талабына айналды, себебі, тек соның көмегімен ғана шекараны кесіп өту уақытын қысқарту мен осыған қатысты процестегі ресмилікті төмендетуге болады. Бұл жерде екі негізгі: кедендік жіне шекаралық қызметтің ынтымақтастығы ерекше мәнге ие»,- деп атап көрсетті Владимир Гошин.