Жүйеге кіру
ЕЭК сарапшылары ЕАЭО туралы шарттағы өзгерістер туралы айтты

ЕЭК сарапшылары ЕАЭО туралы шарттағы өзгерістер туралы айтты

22.08.2019
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) трансшекаралық нарықтарында салауатты бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін алдын ала ескерту және алдын ала сақтандыру механизмдерін қолдану ЕАЭО туралы шартқа енгізілген өзгерістердің арқасында мүмкін болды. Механизмдерді іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы Қоғамдық қабылдауының Витебскіде өткен отырысы шеңберінде жіті талқыланды. Бұл үстіміздегі жылғы тамызға жоспарланған үш отырыстың екіншісі.

ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева ЕАЭО-ның бәсекелестік саласындағы нормативтік-құқықтық базасының кейбір аспектілерін түсіндірді. Атап айтқанда, ол Одақ құқығындағы өзгерістер - алдын ала ескерту және алдын ала сақтандыру институттары туралы айтты.

Департамент директорының сөзінше, «алдын ала ескерту және алдын ала сақтандыру әлемдік практикада белсенді түрде қолданылады. Олар бәсекелестіктің ортақ қағидаларының сақталуына тиімді бақылау жасау үшін қажет, Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестік жағдайларын жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді».

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Жанна Бирич монополияға қарсы блок жүргізіп отырған тергеп-тексерулер туралы жаңа деректер келтірді.

«2019 жылдың жеті айы ішінде Комиссия жеті тергеп-тексеру өткізді, соның ішінде үшеуі - 2018 жылдан ауысқандар. Осылардың арасында екі тергеп-тексеру - үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша, төртеуі - жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша, бір тергеп-тексеру – бәсекелестікке қарсы келісімдер мен экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша»,- деп атап өтті ол.

ЕАЭО бизнесі өкілдерін неғұрлым толық хабардар ету үшін іс-шараға ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің, сондай-ақ Көлік және инфрақұрылым департаментінің сарапшылары қатысты.

Қоғамдық қабылдау отырысына Беларусьтің «Толочинск консерві зауыты» ААҚ, «Витьба» кондитер комбинаты» ААҚ, «СОЮЗ-КАБЕЛЬ» ЖШШҚ, «Марко» Белорус былғары-аяқ киім компаниясы» холдингі басқарушы компаниясы» ЖШҚ, «ЭВИСТОР» зауыты ААҚ, «Нафтан» ААҚ, «Полоцк сүт комбинаты» БК, «Новополоцк технологиялық метал конструкциялары» ЖШБҚ сияқты және басқа да жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарының, сауда компанияларының өкілдері қатысып отырды.

Отырыстың екінші бөлігінде кәсіпкерлермен консультациялар болып өтті. Оған қатысушылар ЕЭК сарапшыларына жеке-дара тәртіпте қайырылып, жедел «сұрақ-жауап» форматында мамандардың ұсынымдарын алды.