Жүйеге кіру
ЕАЭО шеңберінде ұлтүсті реттеуді жетілдіру кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға бағытталған

ЕАЭО шеңберінде ұлтүсті реттеуді жетілдіру кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға бағытталған

eec-92.jpg
22.09.2020

22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссияның ветеринариялық шаралар, дәрі айналысы, зияткерлік меншік және кедендік әкімшілік жүргізу салаларындағы шешімдерінің жобаларын қарады.

Тимур Жақсылықов жұмыс тобы отырысының қорытындылары бойынша: «Одақ құқығының қолданыстағы актілеріне енгізілетін өзгерістер бизнесті жүргізу шарыттарын оңайлатуға және кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға бағытталуға тиіс», - деп атап өтті.

Атап айтқанда, үшінші елдерден бірқатар бақылаудағы тауарларды Беларусь Республикасына әкелу кезінде қолданылатын ветеринариялық шаралардың тізбесін қысқарту жөніндегі ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы қолдау тапты.

ЕЭК Алқасының құрамында сүт шикізаты бар дайын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты ветеринариялық шаралар тізбесін белгілеу туралы шешімі жобасының РӘБ қорытындылары бойынша жұмыс тобы жария талқылау шеңберіндегі бизнес-қоғамдастықтардың пікірін ескере отырып, мұндай шаралардың қаймағы алынбаған сүт өнімі үшін көзделген шаралардан қатаңырақ бола алмайтынын атап өтті.

РӘБ нәтижелерін ескере отырып, ЕЭК Кеңесі шешімінің жобасында дәрілік препаратты тіркеу туралы өтініш сараптама басталғанға дейін кері қайтарылып алынған жағдайда төлеген алымдарды (баждарды) кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қайтару туралы тікелей қолданылатын норма көзделген.

ЕЭК Кеңесінің ЕАЭО Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары туралы шартқа нұсқаулықты бекіту туралы шешімінің жобасын және тиісті заңи маңызы бар іс-қимыл түрлерінің тізбесін қабылдау зияткерлік меншіктің бұл объектілерін «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс тобының отырысында Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер де қаралды. Олар Армения Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін тауарларға арналған декларацияда тіркеу нөмірі не инкорпорация елінде шетелдік ұйымға берілген салық төлеушінің коды туралы мәліметтерді көрсету туралы талаптарды белгілеуге қатысты. Бұл өзгерістерді енгізу шетелдік тұлғаларға бірыңғай жеке шоттарды пайдалана отырып, кедендік төлемдерді төлеудің орталықтандырылған жүйесін қолдануға мүмкіндік береді.​