Жүйеге кіру
ЕАЭО Әзербайжаннан және ҚХР-дан жеткізілетін алюминий лентасына қатысты демпингке қарсы баж енгізеді

ЕАЭО Әзербайжаннан және ҚХР-дан жеткізілетін алюминий лентасына қатысты демпингке қарсы баж енгізеді

22.09.2020

22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы Әзербайжаннан және ҚХР-дан жеткізілетін алюминий лентасына қатысты бес жыл мерзімге демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Алюминий лентасының жеткізіліміне демпингке қарсы баж Әзербайжанда шығарылған өнім үшін - 16,18%, Қытайда шығарылған өнім үшін 13,14% құрайды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қолда бар еркін өндірістік қуаттары – ал бұлар бүгінде жеті кәсіпорын – бәсекелестік деңгейін теңестіру кезінде шараны енгізу арқасында нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді деп күтілуде», – деді ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

Демпингке қарсы баж қолдануға жатқызылған алюминий лентасы, атап айтқанда, құрылыс индустриясында, электр техникасында, сондай-ақ тоңазытқыш қондырғыларын, жылу алмастырғыштар, радиаторлар, жалюздер және еден жамылғылары үшін рифленді жапырақшалар әзірлеу кезінде пайдаланылады. Бұл ретте шара алюминий банкалар өндірісіне арналған өнімге қатысты болмайды.

ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Әзербайжаннан және ҚХР-дан жеткізілетін алюминий лентасына қатысты демпингке қарсы тергеп-тексеру Алюминий өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар бірлестігі берген арызды қарау нәтижелері бойынша 2019 жылғы 7 мамырда басталды. Тергеп-тексеру демпингтік импорттың бар екенін және олардың ЕАЭО мүше мемлекеттері экономикалары саласына материалдық нұқсан келтіргенін көрсетті.