Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы темекі өнімдеріне техникалық регламент туралы шешім жобасын мақұлдады

ЕЭК Алқасы темекі өнімдеріне техникалық регламент туралы шешім жобасын мақұлдады

22.10.2014

21 қазан күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, техникалық реттеу, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, кедендік ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Алқа мүшелері Комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар туралы хабарландыру үлгілері туралы» шешім жобасын және ЕЭК Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар туралы хабарландыру үлгілерін толтыру тәртібі туралы» ұсыныс жобаларын одан әрі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында қарау үшін мақұлдады. 

Қазіргі уақытта 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Өнеркәсіптік жәрдем қаражаттарды ұсынудың бірыңғай ережелері туралы келісім мен 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕЭО туралы шарттың ережелеріне сәйкес Тараптар бір-біріне және Комиссияға белгіленген үлгілер бойынша өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар туралы хабарлайды. Бұл ретте хабарландыру үлгілері, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің мақұлдауымен Комиссиямен бекітіледі. Өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар туралы хабарландыру үлгілері мен оларды Толтыру тәртібін қолдау КО мен БЭК елдерінде өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар туралы хабарландыруларды қалыптастырудың біркелкі амалын, сонымен қатар КО мен БЭК шеңберінде қаралатын саладағы міндеттемелердің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, отырыс барысында Жәрдем қаражаттарды жіктеу бойынша ұсыныстар қабылданды. Алқа Өнеркәсіптік жәрдем қаражаттарды ұсынудың бірыңғай ережелері туралы келісім мен ЕЭО туралы шарттың тиісті ережелерін іске асыру барысында КО мен БЭК мүше-мемлекеттеріне осы құжатты басшылыққа алуды ұсынады. 

КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің мүдделі органдарының мамандары ЕЭК өкілдерімен кеңесу барысында осындай әдістемелік құжатты дайындау қажеттігін бірнеше рет атап өткен. ДСҰ-ның қолданыстағы тәжірибесімен аналогия бойынша, осындай ұсынысты қабылдау КО мен БЭК елдеріне іске асырылатын өнеркәсіптік жәрдем қаражаттар бөлігінде дұрыс жіктеу және бір-біріне хабарлау мүмкіндігін береді, бұл тең бәсекелестік шарттарын құруға және өнеркәсіптегі ықпалдасу үрдістерінің дамуына себепші болады. 

Сонымен қатар ЕЭК Алқасы ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында қарауға енгізілетін, ЕЭК Кеңесінің «Кеден одағының «Темекі өнімдеріне техникалық регламент» техникалық регламенті туралы» шешім жобасын мақұлдады. Регламенттің күшіне ену тәртібі ЕЭК Кеңесінің тиісті шешімі қабылданғаннан кейін белгіленеді. 

«Темекі өнімдеріне техникалық регламенттің» нысаны болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған, міндетті (КО мен БЭК келісім-құқықтық базасын құрайтын, нормативтік-құқықтық актілерімен немесе КО мен БЭК мүше-мемлекеттің заңнамасымен белгіленген) талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттар, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2017 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей жарамды деп болжалады. КО-ның темекі өнімдеріне техникалық регламенті күшіне енген күннен бастап, құжатты бұрынғы форматында беруге немесе қабылдауға болмайды. 2016 жылдың 15 қарашасына дейін, КО-ның техникалық регламенті күшіне енгенге дейін сәйкестігін міндетті бағалау (растау) туралы құжат талап етілмеген өнім өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау (растау) туралы құжатсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықта айналу белгісімен) таңбаланбай өндіріле алады және КО аумағындағы айналымға шығарыла алады. 

2017 жылдың 15 қарашасына дейін техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің аталған талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат болған кезде, бұдан бұрын нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген, міндетті талаптарға сәйкес өнім өндіруге және КО-ның аумағында айналымға шығаруға рұқсат етіледі. Өнім мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес, ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықта айналу белгісімен) таңбаланады. Осындай өнімді КО мүше-мемлекеттердің нарығында бірыңғай айналым белгісімен таңбалауға рұқсат етілмейді.