Жүйеге кіру
ЕАЭО-да стратегиялық жоспарлау жүйесімен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін цифрлық инвестициялық платформа құрылады

ЕАЭО-да стратегиялық жоспарлау жүйесімен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін цифрлық инвестициялық платформа құрылады

22.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 21 қазанда өнеркәсіптік ынтымақтастық, макроэкономика, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығының жұмыс істеуі салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы Комиссия дайындаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі аса ірі инвестициялық жобаларды шолуды қарады. Осы жылдың аяғына дейін ЕЭК өзара инвестициялардың көлемін арттыру және ЕАЭО-да инвестициялық тауарлардың өзара саудасы көлемін өсіру бойынша стратегиялық міндетті шешу мақсатында Одақ елдерінде іске асыру үшін инвестициялық жобалар бойынша цифрлық ресурс құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.

 

Шолу жалпы сомасы 777 млрд долл.асатын 600-ден астам инвестициялық жобаларды және келісімшарттық деректері бар индустриялық және инфрақұрылымдық объектілер құрылысына қатысушы 3 мың компанияны қамтиды. 600 жоба жалпы инвестициялық 3 144 млрд АҚШ долл. көлемінде экономиканың нақты секторынан да, сол сияқты экономиканың басқа секторларынан 9,5 мың инвестициялық жоба арасынан іріктеп алынды.

 

Шолу салалық қағидат бойынша қалыптастырылған және мынадай блоктардан тұрады: өнеркәсіптік құрылыс (агроөнеркәсіптік кешенді қоса), азаматтық құрылыс, көлік (инфрақұрылымдық) құрылысы, энергетика құрылысы (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қоса), сондай-ақ индустриялық инфрақұрылым объектілерінің құрылысы (өнеркәсіптік және логистикалық парктер, агропарктер).

 

Құжат өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету және кооперациялық байланыстарды дамыту мақсатында пайдалану әрі практикалық қолдану үшін мүше мемлекеттердің бейінді министрліктеріне жіберілетін болады.

 

Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдері, соның ішінде ЕАЭО-ға кіретін елдер де жекеше және шетелдік инвестициялар есебінен ұлттық экономикаларды ынталандырудың тиімді құралы ретінде ұлттық индустриялық және инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыра бастады және ЕАЭО шеңберінде тиісті жұмысты жүргізу қажет. Қатысушы елдерде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезіндегі өнеркәсіптік кооперация үшін Одақтың зор әлеуеті бар.

 

Бастама инвестициялық жобалар базасын, оларды іске асыру және пайдалану кезіндегі таңдаулы практикаларды, жобаларды іске асыру кезіндегі тиімді қолжетерлік технологияларды, қаржыландыру практикасын (жекеше-мемлекеттік әріптестікті қоса), инфрақұрылымды дамыту негізінде әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу кейстерін, сондай-ақ инфрақұрылым және индустрияландыру құру арқылы игіліктерге азаматтар мен бизнестің қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басқа да құрауыштарды қамти алады.

 

Бұл бағыттағы практикалық қадам, Еуразиялық даму банкін және осы жобаларға инвестициялар тартуды қоса, ұлттық және халықаралық қаржы институттары үшін мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кәсіпорындарының инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруына арналған кешенді ұсыныстарды қалыптастыру болады.

 

Халықаралық практиканы талдау экономиканың 3-3,5% деңгейінде уақыттың ұзақ аралығындағы орнықты өсу қарқынына ЖІӨ қатысты негізгі қаражатқа инвестициялар үлесінің 25-27%-ы сәйкес келетінін көрсетті. Сол себепті ЕАЭО елдеріне стратегиялық жоспарлау жүйесін құрып және ресурстарды тұтынуды болжай отырып, инвестициялық әлеуетті өсіре түсу қажет.

 

Өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық құрылыстың әлемдік нарығының көлемі 8 трлн долл. астам болып бағаланады. Цифрлық инвестициялық платформаларды құру арқылы ЕАЭО бизнесі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды құру кезінде инжиниринг және құрылыс қызметтерін көрсетуді ұсыну саласында үшінші елдердің нарығына шығу үшін өз әлеуетін күшейте алады.

 

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде мынадай инфрақұрылымдық бастамалар іске асырылуда:

−       Армения Республикасына инвестициялар тарту жоспары;

−       Беларусь Республикасындағы 2030 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық стратегия;

−       Қазақстан Республикасындағы Инфрақұрылымдық дамудың мембағдарламасы және Индустриялық-инновациялық дамудың мембағдарламасы;

Қырғыз Республикасындағы 2023 жылға дейінгі «Өркендеу жолына қарай 40 қадам» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылым реформасы бағдарламасы;   

−       Ресей Федерациясындағы Ұлттық жобалар (Магистралдық инфрақұрылымды дамыту жоспары, «Экология» және басқалар).

2018 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО шеңберінде өзара жинақталған тікелей инвестициялар көлемі 27 млрд долл. құрайды, бұл ЕАЭО елдерінде барлық жинақталған тікелей инвестициялардың бар болғаны 4%-ын (ЕАДБ деректері) құрайды.

Салалық бөліністе, өнеркәсіпке бар болғаны 20% және АӨК-ке тағы 4% ЕАЭО шеңберінде өзара жинақталған тікелей инвестициялар көлемі сәйкес келеді.

10,6 млрд долл. – 2018 жылғы инвестициялық тауарлармен өзара сауданың көлемі, бұл ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауда көлемінің 12,5%-ын (85 млрд доллардан) құрайды.

РФ Президентінің 2018 жылғы 7 мамырдағы «2024 жылға дейінгі кезеңге арналған РФ дамытудың ұлттық мақсаттары мен стратегиялық міндеттері туралы» № 204 Жарлығымен Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемін кем дегенде 1,5 есе арттыру және жинақталған өзара инвестициялар көлемін 1,5 есе өсіруді қамтамасыз ету жөнінде мақсат белгіленді.