Жүйеге кіру
Армения кәсіпкерлеріне трансшекаралық нарықтарда өз құқықтарын қалай қорғауға болатыны айтылды

Армения кәсіпкерлеріне трансшекаралық нарықтарда өз құқықтарын қалай қорғауға болатыны айтылды

22.11.2019
Армения кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) трансшекаралық нарықтарында бизнесті жүргізу барысында тап болып отырған қиындықтар Ереванда (Армения Республикасы) өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) монополияға қарсы блогы Қоғамдық қабылдауының көшпелі отырысының түйінді тақырыбы болды. Соңғы төрт айда ЕЭК сарапшылары ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бизнес өкілдерімен 22 кездесу өткізді.

«Мұндай кездесулер бізге бизнестен трансшекаралық нарықтардағы проблемалар, соның ішінде экспорт, сауда, қызметтер көрсету кезіндегі кедергілер туралы тікелей білу үшін қажет», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының мүшесі (министр) Серік Жұманғарин. Бизнесшілер ЕЭК сарапшыларынан ЕАЭО туралы шарт нормаларына қатысты бірқатар мәселелерді түсіндіруді сұрады, Одақ мемлекеттері арасында тауарлар тасымалдау кезінде ҚҚС төлеуге байланысты проблемаларды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі қиындықтарды атап айтты. Бұдан басқа, Армения кәсіпкерлерінің сұрағы ЕАЭО елдері арасындағы өткізу пункттерінің өтудің ұзақтығына қатысты болды. Мысалы, «ақылды әмиян» әзірлеуші компанияның өкілі Одақтың кейбір елдерінің аумағында «әмиян» қосымшасын пайдаланатын IP мекенжайларына қол жеткізудің шектеулі екендігі туралы айтып берді.

Комиссияның салалық департаменттерінің өкілдері бәсекелестік саласындағы ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасының кейбір аспектілерін түсіндірді, сондай-ақ Одақ нарықтарында бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы арызды қалай дұрыс құрауға болатыны және онда нені қамтуы керектігі айтылды.

Отырысқа Армения Республикасының вице-премьері Тигран Авинян, Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары Варос Симонян, Армения Республикасының экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Гегам Геворгян қатысты.

Комиссия сарапшылары сондай-ақ республика кәсіпкерлерімен жеке кеңестер өткізді.​