Жүйеге кіру
ЕЭК Министр Тимур Сүлейменов жыл сайын өткізілетін халықаралық «БелБренд 2015» музыкалық сыйлығының лауреаттарын марапаттады

ЕЭК Министр Тимур Сүлейменов жыл сайын өткізілетін халықаралық «БелБренд 2015» музыкалық сыйлығының лауреаттарын марапаттады

18.12.2015

17 желтоқсанда Минскіде «Музыканттар брендтерді қорғау жолында» науқанының шеңберінде жыл сайын өткізілетін халықаралық «БелБренд 2015» музыкалық сыйлығын табыс ету рәсімі болып өтті. Сыйлық интеграциялық үдерістерді қолдауға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағында зияткерлік меншікті дамытуға арналған. Жеңімпаздарды марапаттау Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылып, 2015 жылдың 16-18 желтоқсан күндері өткізілген «Антиконтрафакт-2015»III Халықаралық форумына орайластырылды.

Конкурс лауреаттарын марапаттай отырып, ұйымдастыру комитетінің төрағасы әрі сыйлық әділ-қазыларының тең төрағасы ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов «сыйлық одақтас мемлекеттердің қарқынды мәдени интеграциялануға септігін тигізбек»-деп айта кетті. «Ол жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау, ұлттық мәдениеттерді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, халықтарымыздың мәдени дәстүрлерін сақтауға, әрі мирас етіп тапсыру мәселелеріне музыкалық кең ауқымды жұртшылықты баулу үшін мағыналы оқиға болып табылады», – деп мәлімдеді ЕЭК Министрі. Тимур Сүлейменов экономикада ғана емес, сонымен қатар ғылым, әдебиет, музыка сияқты гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыта түсуді ұсынды.

Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен және «БелБренд» зияткерлік меншікті қорғау Қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Марапаттаудың қорытындылары бойынша сыйлық лауреаттары Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өнер көрсетті. Гала-концерт «Антиконтрафакт-2015»Халықаралық форумының шеңберінде өткізілген іс-шаралардың сериясын аяқтады.

Анықтама:

Халықаралық музыкалық «БелБренд» сыйлығы 2014 жылы «БелБренд» Қауымдастығының қолдауымен және Еуразиялық экономикалық комиссияның сүйемелдеуімен ұйымдастырылды. Сыйлық интеграциялық үдерістерді қолдауға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында зияткерлік меншікті қорғауға және сақтауға арналған.

10 жастан 31 жасқа дейінгі Арменияның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің және басқа да елдердің талапты орындаушылары оның лауреаттары атана алады.

2015 жылы сыйлықты иелену үшін әлемнің 14 елінен 50 шақты өтініш түскен.