Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу әдістемесін жетілдіруді жоспарлап отыр

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу әдістемесін жетілдіруді жоспарлап отыр

22.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу тетігін жетілдіруге ниетті. Оларды бөлу нормативтерін есептеу әдістемесі туралы шешім 2018 жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.

«Одақ елдерінің бюджеттері арасында қайта бөлінетін қаражат мөлшері олардың көбісі үшін айтарлықтай, әсіресе, экономикалық жағдайын ескере отырып, өте елеулі болып табылады. Мұндай жұмысты біз қағидаттық тұрғыдан маңызды деп есептейміз», - деп атап өтті ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян.

Кедендік әкелу баждары сомаларын бөлудің қолданыстағы нормативтері ЕАЭО-ға Қырғыз Республикасының қосылуы кезінде есептелген. Есептеу 2010 жылы Одаққа мүше алғашқы үш мемлекет арасында нормативтерді айқындау кезінде пайдаланылған әдістемені, сондай-ақ «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер біртұтас қосу жаңа мемлекет ретінде» қағидатын ескеріп жүргізілді. Қырғыз Республикасының ЕАЭО туралы шартқа қосылу туралы уағдаластықтарға сәйкес кедендік әкелу баждары сомаларын бөлудің қолданыстағы нормативтері Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін Қырғызстанның қолдана бастауынан үш жылға белгіленген. Сөйтіп, 2018 жылдың тамызына ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарын бөлу нормативтерін есептеу әдітемесі туралы шешім қабылдануы, сондай-ақ оларды есептеу жүргізілуі тиіс.

Неғұрлым жетілдірілген әдістемені әзірлеу кезінде Комиссия үздік халықаралық практикалар мен басқа ірі интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін ескеруге, ЕАЭО елдері экономикалары дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері мен бюджеттер арасында бөлінетін кедендік әкелу баждары сомалары арасындағы тәуелділікті анықтауға ниетті. Есептеу әдістемесі негізге алатын көрсеткіштер кеңейтілуі немесе қайта қаралуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелердің қосылуы жағдайына ұсынымдар қалыптастырылады.