Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі

Фото-1-Мясникович-Лавров-22_09_2020.jpg
22.09.2020

22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі болып өтті.

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмыс істеуінің өзекті мәселелері, интеграциялық процестерді одан әрі тереңдетудің перспективалық бағыттары, сондай-ақ ЕАЭО-ның халықаралық қызметі талқыланды.

Әңгімелесушілер үшінші елдер мен бірлестіктердің Одақпен ынтымақтастықты жолға қоюға деген мүдделілігін қанағаттанарлықпен атап өтті, бұл оның экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі өскелең маңызын бейнелейді.​