Жүйеге кіру
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің сыналтымы бірыңғай қағидалар бойынша жүргізілетін болады

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің сыналтымы бірыңғай қағидалар бойынша жүргізілетін болады

Фото-1.jpg
22.09.2020

22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін, желілері мен кросстарын сыналтымнан өткізу тәртібін бекітті.

Құжат күшіне енгеннен кейін одақтық елдердің уәкілетті органдары жануарлардың селекционерлер жасаған жаңа тұқымдарының, типтерінің, желілері мен кросстарының ең төменгі талаптарға сәйкестігін кейіннен оларды ресми бекіту үшін зерттеуде бірыңғай алгоритмді пайдаланатын болады.

«Тәртіпті қабылдау Одақ аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жасалған селекциялық жетістіктер сыналтымы нәтижелерін мүше мемлекеттердің тануын және асыл тұқым куәліктеріне, генетикалық сертификаттарға, асыл тұқымды жануарлардың паспорттарына жаңа тұқымдарды, типтерді, желілер мен кросстарды көрсету бөлігінде енгізілетін, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері арасында асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер алмасу кезіндегі ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян.

Тәртіпте асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы сыналтымға жататын селекциялық жетістіктер, олардың сыналтымына жол берілетін шарыттар, селекциялық жетістіктердегі оларға сыналтым жүргізу үшін қажетті сыналтым жасалатын асыл тұқымды жануарлардың және зауыттық желілердің ең төменгі саны, сондай-ақ сыналтым жасалатын жануарлар зерттелетін көрсеткіштер айқындалған.

Нормативтік құқықтық акт ЕАЭО туралы шартқа және 2019 жылғы қазанда Үкімет басшылары қол қойған ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес әзірленген.

Сарапшылардың пікірінше, Алқа шешімі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тұқым құраушы процесті және селекциялық жұмысты дамытуға оң ықпал етеді.​