Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов: «HR-сервистер халықаралық желісін ұйымдастыру және еңбек көшіп қонушыларының біліктілігін бағалау халықаралық еңбек нарығына қатысушылардың және ЕАЭО жұмыс күшінің құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді»

Тимур Жақсылықов: «HR-сервистер халықаралық желісін ұйымдастыру және еңбек көшіп қонушыларының біліктілігін бағалау халықаралық еңбек нарығына қатысушылардың және ЕАЭО жұмыс күшінің құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді»

23.03.2018

ЕуроАзия ынтымақтастығының Қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің маман-көшіп қонушыларының біліктілігін жұмысқа орналастыру кезеңінде бағалау үшін ЕАЫ ҚБҚ Емтихан орталықтарының желілік құрылымын құру жөнінде жұмыс жүргізуде.

ЕуроАзия ынтымақтастығының Қаржы-банк қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың еңбек нарықтарының интеграциясы және қатысушы елдер еңбек ресурстарының біліктілігіне қойылатын талаптардың ұштасуы мәселелерін талқылады.

Біліктілікті бағалау барлық ЕАЭО-ға қатысушылардың мүддесіне сай келетін көші-қон ағынын оңтайландырудың тиімді құралы деп танылды. ЕАЫ ҚБҚ Байқаушылар Кеңесінің төрағасы, ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов ЕАЫ ҚБҚ мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында осындай пікір білдірді. «HR-сервистер мен еңбек көш-қонының легіне қызмет көрсету үшін біліктілікті бағалаудың халықаралық желісін ұйымдастыру халықаралық еңбек нарығына қатысушылардың және ЕАЭО жұмыс күшінің құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл Одақтың ортақ еңбек нарығының сапасына әсер етеді», - деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

Комиссия өкілі 2017 жылы ЕЭК-тің жәрдемдесуі арқылы ЕАЭО еңбек нарығын және еңбек ресурстарының біліктілігіне қойылатын талаптардың ұштасуын зерттеу жөнінде бірлескен жұмыс тобы құрылғанын еске салды. ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қызмет аясына еңбек көші-қоны мәселелері жататын құзыретті құрылымдарымен өзара іс-қимылдың бағыттары айқындалды.

2017 жылы ЕАЫ ҚБҚ Біліктілікті бағалау орталығы тіркелді, Ресей қаржы нарығының Кәсіби біліктіліктер жөніндегі кеңесі құрамында осы орталықтың желілік құрылымын құру тәсілдемелері мақұлданды, «Білім беру форсайты: Еуразиялық экономикалық одақтың желілік өзара іс-қимыл аумағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Еревандағы Ресей-Армян (Славян) университеті алаңында Армениядағы ЕАЫ ҚБҚ Біліктілікті бағалаудың емтихан орталығы ашылды. Бұл тәжірибені Одақтың басқа да елдерінде іске асыру үшін әлеуетті контрагенттермен жұмыс кездесулері өткізілді.

Қауымдастық сарапшыларының пікірі бойынша, жұмыстың халықаралық бағытын ұстанған бағалау орталықтары кәсіби біліктіліктерді икемді тәуелсіз бағалау тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, ал мұны ЕАЭО бизнесі біріккен нарық субъектілерінің дербес іріктеу және бағалау құрылымдарын өз бетінше құрмай-ақ тікелей ізденіп алуы мүмкін. Бұл Одақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бейінді емес функцияларды қолдауға жұмсалатын шығындарын кемітуін, сөйтіп жалпы экономикалық кеңістікке енуін жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Осы бағыттағы халықаралық бағалау тәжірибесін нақты кәсіпорындардың мақсаттары мен міндеттеріне шоғырландыру персоналдың біліктілік сәйкестігі дәрежесін және басқа қасиеттерін арттыруға ықпал етеді.

ЕЭК ЕуроАзия ынтымақтастығының Қаржы-банк қауымдастығымен бірлесіп 2018 жылы биржалық бағытты қоса, қаржы нарықтарын дамыту, ЕАЭО-ның барлық кеңістігінде ұжымдық қаржы-инвестициялық қорларын іс жүзінде іске асыру механизмдерін құру, кедендік аудит механизмдері, жұмыс берушілердің қызметкерлері мен әлеуметтік әлеуетінің адами капиталын басқару, инновациялық қаржы құралдары негізіндегі «жобалар банкі» жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр. Қызметтің бұл бағыттарын білікті персоналмен қамтамасыз ету, Одақ жұмыс берушілерінің әлеуметтік және адами капиталымен жұмыс көші-қон саласындағы интеграциялық процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама

ЕуроАзия ынтымақтастығының Қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) 2013 жылғы 11 қыркүйекте тіркелген. Оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Банктер қауымдастығы, Ресей Өңірлік банктер қауымдастығы (бүгінгі таңда – «Ресей» қауымдастығыспубликасының Банктер қауымдастығы, Ресей Өңірлік банктер қауымдастығы (бүг ШЫҰ Іскерлік клубы, ӨКХК қаржы корпорациясы (бүгінгі таңда – «Еуразия» қаржы корпорациясы), ТМД Қаржы-банк кеңесі болып табылады.

Ресейдің, Қытайдың, БАӘ-нің, Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Италияның Францияның, Словенияның, Мажарстанның, Германияның, Үндістанның, Арменияның, Канаданың, Өзбекстанның, Тәжікстанның қаржы секторының 40-тан астам құрылымы ЕАЫ ҚБҚ мүшесі және әріптесі болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаты – бизнес жобаларды іріктеу және іске асыру жөніндегі банкаралық ынтымақтастықты жолға қою, инвестициялық жобалар банкін құру арқылы ШЫҰ, БРИКС, ЕАЭО, ЕО елдеріндегі қауымдастық мүшелерінің – ұлттық қаржылық нарықтар қатысушыларының тиімді қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыру. Бүгінде қауымдастықтың 14 өкілдігі ашылған, олар өз қызметімен БАӘ, Қытай, Сингапур, Армения, Қазақстан, Иран, Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Франция, ГФР, Болгария, Словения, Мажарстан елдерін қоса, Еуразияның 20-дан астам елін және Орталық, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропаның басқа да елдерін әрі Ресейдің бірқатар өңірлерін қамтиды.